Меню
Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 112
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада коллагенге бай тауық шикізатының соның ішінде тауық етінің терісі, сүйектері, тауық асқазаны және тауық аяқтарының химиялық құрамы мен олардан алынған гидролизаттардың химиялық құрамы, органолептикалық көрсеткіштері қарастырылған. Коллагенге бай тауық шикізатын алдымен коллоидты диірменде ұсақтап алып, содан кейін ферменттеу әдісі жүргізілді. Алынған өнім мұздатқышта қатырылып, кейін сублимациялық кептіруде кептірілген. Тауық шикізатынан гидролизат алу әдісінде ферментативтикәдіс қолданылып «Протозим С», «Коллагеназа» және «Энзимикс-У» ферменттік препараттарының әсері зерттелінді. Ферменттің концентрациясы, гидромодульі, температурасы және ультрадыбыстық өңдеу параметрлері тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып таңдалынды. Ультрадыбыстық өңдеу ферменттердің белсенділігін арттырса, ал коллаген талшықтарының ыдырауын жылдамдата түсті және ақуыздың еру қабілетін арттырды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қолданылған өңдеу әдістері мен ферменттердің үйлесімі гидролизаттардың құрамына тікелей әсер етті. Өңдеу жағдайына байланысты ақуыз, май, күл және ылғал мөлшерінің арақатынасы өзгеріп отырды. Тері гидролизатында ақуыздың ең жоғары мөлшері (52,25%) ие болды. Ал сүйектен алынған гидролизаттар минералды заттармен ерекшеленсе, теріден алынған үлгілердің майлылығы мен ақуыз құрамы жоғары болды. Барлық үлгілер біртекті ашық-қоңыр түсті ұнтақ түрінде алынды және бөгде иіссіз сипатталды.
Зерттеу тәжірбиесінің нәтижелері құрамында коллаген бар құс шикізатын кешенді биотехнологиялық өңдеу арқылы сапалы тағамдық гидролизаттар алуға болатынын көрсетеді. Ол өнімдер тағам өнеркәсібінде функционалды және биологиялық белсенді қоспалар өндіруде, сонымен қатар адам ағзасындағы ақуыз тапшылығының орынын толықтыруда тиімді болып келеді.