Меню
Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 174
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақала түйе сүтінен ұлттық сүт өнімін – құртты дайындауға арналған. Ұлттық сүт өнімдерін дәрумендермен байыту мақсатында өсімдік тектес шикізаттар қолданудың технологиясы әзірленді. Зерттеу нысандары ретінде Оңтүстік Қазақстанда өсірілген түйе сүті және өсімдік шикізаты ретінде Шығыс Қазақстанда өсірілген итмұрын таңдап алынып, дайын болғаны сүзбе массасына құрғақ және ұнтақталған күйінде қосылды. Өйткені құрғақ күйде кептірілген жеміс-жидектердегі дәрумендердің мөлшері ұзақ уақыт аралығында сақталады. Итмұрын дәрумендерге бай, соның ішінде ең бірінші аскорбин қышқылының көзі ретінде құндылығы өте жоғары, алма жемісімен салыстырғанда 10 есе көп болады. Аскорбин қышқылы адам ағзасында негізгі биохимиялық және физиологиялық рөл атқарады, ол дәнекер тіндердің қалыпты дамуына, стресске төзімділікке, дененің қалыпты иммундық жағдайын қалыптастыруға, вирустық және бактериялық инфекциядан қорғауға ықпал етеді. Зерттеу жүргізу үшін сиыр сүтінің үш үлгісі, түйе сүтінің үш үлгісі алынып, бақылау үлгісі және 3%, 5% итмұрын ұнтағы қосылған құрт үлгілерінің С дәруменімен байытылу дәрежесі зерттелді. Зерттеу нәтижесінде құрғақ ұнтақталған итмұрын қосылған құрттың физика-химиялық көрсеткіштері, органолептикалық көрсеткіштері және энергетикалық құндылығы есептелді. Жоғары нәтиже көрсеткен 5% итмұрын ұнтағы қосылған үлгі оңтайлы деп тынылды. 100 гр өнімдегі С дәруменнің мөлшері 11,754±0,24%, ақуыз – 60,1, май -3,1, көмірсу - 18,2, энергетикалық құндылығы - 341,1 ккал болатындығы анықталды.