Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 147

КҮКІРТ ӨНДІРУ БЛОГЫ НЕГІЗГІ АГРЕГАТТАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР КЕШЕНІН ЖҮЙЕЛІК ТАЛДАУ НЕГІЗІНДН ҚҰРУ

Авторлар

Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ
https://orcid.org/0000-0003-2109-6999
Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ
https://orcid.org/0009-0002-4772-8851

Кілтті сөздер

күкірт өндіру блогы, математикалық модель, жүйелік талдау, айқын емес ақпарат, айқын емес модель, құрылымдық, параметрлік идентификациялау

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1409

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Оразбаев, Б.Б., і Н.Н. Сейт. «КҮКІРТ ӨНДІРУ БЛОГЫ НЕГІЗГІ АГРЕГАТТАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР КЕШЕНІН ЖҮЙЕЛІК ТАЛДАУ НЕГІЗІНДН ҚҰРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1409.

Аңдатпа

Өзара байланысқан агрегаттар кешенінен тұратын технологиялық жүйенің модельдер пакетін әртүрлі қолжетімді ақпараттар негізінде және жүйелік талдау тәсілдерін қолдану арқылы құру методикасы әзірленіп, оны күкірт өндіру блогы мысалында жүзеге асыру көрсетілген. Жинақталған және өңделген эксперименталдық-статистикалық деректер мен эксперттік ақпараттар негізінде, сондай-ақ регрессорларды тізбектей қосу тәсілінің идеясын пайдалана отырып, реакторлар шығысындағы күкірт көлемін сипаттайтын модельдер құрылымы көп регрессиялық теңдеулер жүйесі түрінде идентификацияланған. Клаус реакторының шығысындағы күкірт сапасын бағалайтын модельдер айқын емес регрессиялық теңдеулер түрінде жасалған. Регрессиялық коэффициенттерді параметрлік идентификациялау ең кіші квадраттар әдісі арқылы REGRESS бағдарламалық пакетінде жүзеге асырылған, ал айқын емес коэффициенттерді анықтау α-деңгейлі жиындар негізінде айқын емес жиындар теориясының тәсілдері арқылы орындалған. Нәтижесінде, Атырау МӨЗ күкірт өндіру блогының термо және Клаус реакторларының математикалық модельдері құрылған.