Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 131

МАҚСАРЫ МАЙЫ НЕГІЗІНДЕ ОРТАША ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ КАЛОРИЯЛЫ МАЙОНЕЗДІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ
https://orcid.org/0000-0002-8552-5425
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ
https://orcid.org/0000-0002-0540-1685
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ
https://orcid.org/0000-0002-0319-8118
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ
https://orcid.org/0009-0008-0854-6100

Кілтті сөздер

майонез, калория, мақсары, физика-химиялық қасиеттер, микрбиологиялық қауіпсіздік

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1399

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Тултабаев, М.Ч., et al. «МАҚСАРЫ МАЙЫ НЕГІЗІНДЕ ОРТАША ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ КАЛОРИЯЛЫ МАЙОНЕЗДІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ӘЗІРЛЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1399.

Аңдатпа

Мақалада мақсары майы негізінде орташа және жоғары калориялы майонез рецептураларын әзірлеу және оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу бойынша жүргізілген кешенді зерттеудің нәтижелері баяндалады. Зерттеудің өзектілігі тағам өнеркәсібіндегі жаңа үрдістермен, нақты айтұанда, жасанды қоспаларды қолданбай-ақ физиологиялық тұрғыдан құнды өсімдік майлары негізінде майлы эмульсиялық өнімдердің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру қажеттілігімен айқындалады. Негізгі май фазасы ретінде салқын сығымдау және өнеркәсіптік рафинация әдістерімен алынған, полиқанықпаған май қышқылдарына, әсіресе линол қышқылына бай мақсары майы пайдаланылды.

Зерттеу барысында мақсары майының май қышқылдық құрамы мен негізгі физика-химиялық көрсеткіштері талданып, оның жоғары сапасы, тотығуға төзімділігі және эмульсиялық тұздықтар өндірісінде қолдануға технологиялық жарамдылығы дәлелденді. Алынған нәтижелер негізінде май және су фазаларының әртүрлі арақатынасына ие орташа және жоғары калориялы майонез рецептуралары әзірленді. Майонез өндірудің технологиялық сұлбасы әзірленіп, ол тұрақты, микродисперсті эмульсияның қалыптасуын қамтамасыз ететіні көрсетілді.

Дайын өнімдердің физика-химиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілген бағалау май мөлшерінің өзгеруі эмульсия тұрақтылығына теріс әсер етпейтінін анықтады. Барлық зерттелген үлгілерде эмульсия тұрақтылығының жоғары деңгейде сақталуы ұсынылған рецептуралардың технологиялық сенімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар, микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде барлық майонез үлгілерінің санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мақсары майын орташа және жоғары калориялы майонез өндірісінде қолданудың ғылыми және практикалық тұрғыдан негізді екенін, сондай-ақ әзірленген рецептураларды өнеркәсіптік деңгейде енгізуге болатынын көрсетеді.