Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 195

ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФОСФОР ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖАЙ КҮЙІНІҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ

Авторлар

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0009-0006-0950-678X
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-2033-3625
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-0008-4887
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0001-6819-4946
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-7799-3974
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0001-5143-2338
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0001-6540-6261
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0009-0008-6420-2783

Кілтті сөздер

еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, тұрмыстық жарақаттану, жазатайым оқиғалар, кәсіби тәуекелділік

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1388

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Актаева Л.M., et al. «ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФОСФОР ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖАЙ КҮЙІНІҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1388.

Аңдатпа

Мақалада еңбек жағдайларын бағалау мен кәсіптік тәуекелдерді басқару тұрғысынан 2024 жылы фосфор өнеркісібі кәсіпорындарындағы жарақаттанудың жай-күйі өарастырылған. Өндірістік жарақаттану санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын, кәсіптік қызметтің ерекшелігін және жұмысшының еңбек процесінің субъектісі ретіндегі жағдайын көрсететін кәсіптік тәуекелдің негізгі өлшемдерінің бірі ретінде қараастырылады. Зерттеудің мақсаты – жазатайым оқиғаларды тіркеудің ерекшеліктерін анықтау және қауіпсіздік көрсеткіштерінің сенімділігіне әсер ететін факторларды анықтау. Әдістемелік негіз – жазатайым оқиғалар туралы ресми есептілік пен құжаттық материалдарды талдау. Тіркелген 65 оқиғаның тек аз ғана бөлігі жұмыс міндеттерін орындаумен байланыста екені анықталды, бұл тіркеудің жеткіліздігін жіне кәсіби тәуекелдердің нақты деңгейінің бұрмаланғанын көрсетеді. Қызметкерлердің жасын, еңбек өтілін және кәсіби тәжірибесін ескере отырып, бес өндірістік бөлімшедегі оқиғалардың салыстырмалы талдауы жүргізілді. Нәтижелер қолданыстағы бақылау жүйесінде еңбек қауіпсіздігін объективті бағалау мүмкіндігінің шектеулі екенін көрсетеді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің реттеуші және ұйымдастырушылық тетіктерін жетілдіру және тәуекелге негізделген тәсілді енгізу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.