Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 109

КУЛИНАРЛЫҚ БҰЙЫМДАР МЕН ТАҒАМДАРДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ДӘМДЕУІШ ӨСІМДІКТЕРДЕН ҰНТАҚ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібін зерттеу ғылыми-зерттеу институтының. Алматы филиалы
https://orcid.org/0000-0002-5594-8216
Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібін зерттеу ғылыми-зерттеу институтының. Алматы филиалы
https://orcid.org/0009-0000-0236-720X
Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібін зерттеу ғылыми-зерттеу институтының. Алматы филиалы
https://orcid.org/0009-0007-3555-3982

Кілтті сөздер

дәмдеуіш өсімдіктер, кептіру, ұнтақтау, ұнтақтар, гранулометриялық құрам, өңдеу технологиясы, кулинарлық бұйымдар

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1382

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Чоманов, У.Ч., et al. «КУЛИНАРЛЫҚ БҰЙЫМДАР МЕН ТАҒАМДАРДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ДӘМДЕУІШ ӨСІМДІКТЕРДЕН ҰНТАҚ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1382.

Аңдатпа

Жұмыста отандық өндірістегі дәмдеуіш өсімдіктерден (базилик, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, сарымсақ, қызыл тәтті бұрыш) кулинарлық бұйымдар мен тағамдарда қолдануға арналған ұнтақтар алу технологиясы әзірленіп, ғылыми тұрғыда негізделді. Биологиялық белсенді заттардың сақталуын және дайын өнімнің жоғары органолептикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін кептіру режимдері мен ұнтақтау параметрлері зерттелді. Ең тиімді режим ретінде FD-48 шкафында 45 °C температурада кептіру және қалдық ылғалдылықты 5–12 % деңгейіне дейін жеткізу ұсынылды, бұл нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.

Pulverisette 0 вибрациялық микромельницасымен салыстырғанда IKA A11 Basic аналитикалық мельницасының ұнтақтау уақытының қысқалығы және ұсақ дисперсті фракциялардың үлесінің жоғары болуы тұрғысынан артықшылығы дәлелденді. Ұнтақтардың бөлшек өлшемі 0,10–0,14 мм болатын оңтайлы гранулометриялық құрамы анықталып, өнімнің біртекті құрылымы мен тұрақты технологиялық қасиеттерін қамтамасыз ететіні көрсетілді.

Әзірленген технологиялық схема шикізатты дайындау, кептіру, алдын ала және негізгі ұнтақтау, сондай-ақ ылғалдылық, фракциялық құрам және органолептикалық бағалау бойынша сапаны кешенді бақылау кезеңдерін қамтиды. Алынған ұнтақтар айқын хош иісімен, қанық дәмімен және жоғары тұтынушылық қасиеттерімен сипатталады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы – ұсынылған технологияны қолдану арқылы отандық табиғи дәмдеуіш ұнтақтарының ассортиментін кеңейтуге және Қазақстан Республикасында өсімдік шикізатын терең өңдеу деңгейін арттыруға мүмкіндік беруінде.