Меню
Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 130
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл жұмыста Коскудук кен орнының тотыққан қорғасын-мырыш кеннің флотациялау кезінде көп компонентті дитиофосфатты жинағыштарды қолданудың тиімділігі зерттелді. Зерттелген кеннің жоғары дәрежеде тотыққандығымен және қорғасынның оттекқұрамды минералдарының басым болуымен сипатталатыны көрсетілді, бұл дәстүрлі ксантогенаттық флотация режимдерінің тиімділігін айтарлықтай төмендетеді. Кеннің минералогиялық және фазалық құрамы оптикалық микроскопия және химиялық талдау әдістері арқылы анықталды.
Флотациялық тәжірибелер зертханалық жағдайда натрий сульфидімен алдын ала сульфидтеу сатысын қолдана отырып және әртүрлі дитиофосфатты жинағыштармен жүргізілді. Дәстүрлі ксантогенаттық жинағышты қолдану кезінде қорғасынның алынуы 46,9 % деңгейінде болғаны анықталды. Ал көпкомпонентті диалкилдитиофосфатты жинағышты қолдану қорғасынның алынуын 58,51 %-ға дейін арттырып, базалық режиммен салыстырғанда 11,61 %-ға жоғары нәтиже көрсетті, сонымен қатар концентраттың шығымы 10,76 %-ға дейін өсті.
Хэнкок–Люйкен критерийін пайдалана отырып жүргізілген бөліну тиімділігін бағалау технологиялық көрсеткіштердің жақсаруы негізінен концентрат шығымының артуы есебінен жүзеге асқанын, бұл ретте селективтіліктің біршама төмендегенін көрсетті. Алынған нәтижелер тотыққан және аралас қорғасын-мырыш кендерін флотациялау кезінде көпкомпонентті дитиофосфатты жинағыштарды қолданудың орындылығын дәлелдейді және байыту фабрикаларында реагенттік режимдерді оңтайландыру үшін пайдаланылуы мүмкін