Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 115

ЖАҚЫН КРИОСКОПИЯЛЫҚ ТЕМПЕРАТУРАДА САЛҚЫНДАТУ ЖӘНЕ САҚТАУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚҰС ҰШАЛАРЫНЫҢ МАССА ЖОҒАЛТУЫ МЕН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ТАҒАМДЫҚ ҚАПТАМАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-8256-0161
Тоңазытқыш Өнеркәсібінің Бүкілресейлік Ғылыми-Зерттеу Институты - В.М. Горбатов Атындағы Ресей Ғылым Академиясының Азық-Түлік Жүйелері Федералды Ғылыми-Зерттеу Орталығының филиалы
https://orcid.org/0000-0001-8496-2669
Тоңазытқыш Өнеркәсібінің Бүкілресейлік Ғылыми-Зерттеу Институты - В.М. Горбатов Атындағы Ресей Ғылым Академиясының Азық-Түлік Жүйелері Федералды Ғылыми-Зерттеу Орталығының филиалы
https://orcid.org/0000-0003-0016-0445
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
https://orcid.org/0000-0003-1192-2863
Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0009-0001-3718-8444
Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0003-4855-3950

Кілтті сөздер

құс еті, салқындату, тағамдық қаптамалар, масса жоғалту, жақын криоскопиялық температура, микробиологиялық көрсеткіштер, құс сақтау

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1374

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Умиралиева, Л.Б., et al. «ЖАҚЫН КРИОСКОПИЯЛЫҚ ТЕМПЕРАТУРАДА САЛҚЫНДАТУ ЖӘНЕ САҚТАУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚҰС ҰШАЛАРЫНЫҢ МАССА ЖОҒАЛТУЫ МЕН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ТАҒАМДЫҚ ҚАПТАМАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1374.

Аңдатпа

Бұл жұмыста биоконсерванттарды қолдана отырып, моноглицеридтер мен сүт сарысуы негізінде салқындатылған құс етін сақтауға арналған үлдір түзетін жабындардың (ҮТЖ) оңтайлы құрамын негіздеу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Негізгі назар құс етін салқындату және одан әрі 30 тәулік бойы криоскопиялық температураға жақын жағдайда сақтау процесінде тағамдық жабындардың салмақ жоғалтуына (кебуіне) әсерін бағалауға аударылған. Технологияны өндірістік сынақтан өткізу «Медеу 55» АӨК (Түркістан облысы) базасында жүргізілді. Сынақтар барысында құрамында сүт сарысуы, глицерин, органикалық қышқылдар (сүт және лимон), сондай-ақ белсенді микробқа қарсы компонент ретінде Lactococcus lactis ssp. lactis F-116 гибридті штаммының бактериоцині бар композиция қолданылды. Сынақ нәтижелері бұл технологияны енгізу өнімнің микробиологиялық қауіпсіздігін арттыруға және оның жарамдылық мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар құс ұшаларының табиғи салмақ жоғалтуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Қосымша 30 тәулік сақтау кезеңінде ҮТЖ-ның түрлі комбинацияларының жалпы микробтық санына (ЖМС) әсері зерттелді. Атап айтқанда, 1% желатин және 2% сүт қышқылымен бірге 0,1% «Nisin Рro» низині негізіндегі құрамның тиімділігі Lactococcus lactis ssp. lactis F-116 штаммының 0,1% культуралдық сұйықтығын қолданған құраммен салыстырылды.