Меню
Том 2 № 31 (2026) / 2026-07-01 / Көрілім саны: 123
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада Өзен кен орны жағдайында асфальт-шайыр-парафинді тұнбалар (АШПТ) диспергаторларын кешенді зертханалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Реагенттердің физика-химиялық қасиеттері, соның ішінде ерігіштігі, тұрақтылығы және осы кен орнына тән жоғары минералданған қабат суларымен үйлесімділігі зерттелді. Сонымен қатар зерттелген құрамдардың диспергирлеу, еріту және көбік түзу қабілеттерін бағалауға ерекше назар аударылды. Зертханалық сынақтар барысында диспергаторлардың тұздардың әсерінен бөліну (высаливание) қасиетін анықтауға бағытталған бірқатар тәжірибелер жүргізілді: 20 °C температурада, сондай-ақ ұңғымаларды пайдалану кезіндегі қабаттық жағдайларға жақын температураларда зерттеулер орындалды. Алынған нәтижелер минералданған су ортасында тұрақтылығын сақтайтын және тұнба түзуге немесе агрегаттардың пайда болуына бейім емес бірқатар реагенттерді анықтауға мүмкіндік берді. Сынақтан өткен үлгілердің ішінде АШПТ диспергаторлары № 1, № 2 және № 8 ең жоғары тиімділік көрсетті: олар парафинді тұнбалардың құрылымын тиімді түрде бұзады, олардың дисперсиялануына ықпал етеді және Өзен кен орнының қабат суларымен толық үйлесімді. Алынған эксперименттік нәтижелер тәжірибелік-өндірістік сынақтарға ұсынылатын реагенттер тізімін қалыптастыруға және Өзен кен орнындағы ұңғымаларды күрделенген пайдалану жағдайында АШПТ-мен күрес технологияларын өнеркәсіптік енгізуге негіз болды.