Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 135

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОТУРИЗМ: ӨҢІРЛІК ТАРТЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
https://orcid.org/0000-0002-6935-593X
Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
https://orcid.org/0000-0003-0477-7952
Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
https://orcid.org/0009-0007-1759-0667
М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0007-3162-4915
М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0002-5285-6279

Кілтті сөздер

агротуризм, ауыл шаруашылығы, туризм, аграрлық сектор, жергілікті өнім, ауыл шаруашылық субъектілері

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1366

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Ержанова, Ж.Қ., et al. «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОТУРИЗМ: ӨҢІРЛІК ТАРТЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРПЕКТИВАЛАРЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1366.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту үшін агротуризм саласын қалыптастырып, дамыту ауылдық елді мекендердің экономикалық өсуін қолдауға, мәдени мұраны сақтап, аймақтағы экологиялық жағдайды қалыпты сақтауға мүмкіндік береді. Мақалада Қазақстан Республикасындағы агротуризм саласының негізгі мәселелері мен оны шешу жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, агротуризм ел экономикасының стратегиялық бағыты ретіндегі туристік саладағы ауылшаруашылығы туризмінің маңызы, оның өңірлік тартымдылығы мен аймақтың өркендеуіне қосар үлесі мен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәні қарастырылады.

Агротуризмді дамыту ауылдық жерлерде экономикалық тұрақтылықты қалыптастырып, ауылдық елді мекендердің табысын арттырып, ол елдегі ұлттық мұраны сақтап және экожүйенің тепе-теңдігін ұстап тұрудағы маңызды тетік болып табылады. Зерттеу барысында туристік индустриядағы агротуризмнің алар орны мен аймақтың потенциалын арттыруға қосар үлесі, оның қоғам мен экономикаға тиімді әсері жан-жақты қаралады. Мақалада агротуризмнің жағдайын саралап, сипаттауда оның дамуындағы мемлекеттік ынталандыру шаралары мен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары да назарға алынды. Агротуризм саласын қалыптастырып, дамытудағы негізгі кедергілер мен факторлар анықталып, қарастырылды. Ауылдарда агротуризмді жасақтау арқылы ондағы еңбек нарығын жетілдіріп, ауыл шаруашылығы мен туризмнің интеграциясын қалыптастырып, ауылдардағы қаржы айналымының жүруін қамтамасыз етуге мол мүмкіндік болады.

Қазақстан Республикасында агротуризмді дамыту бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелері: ауыл шаруашылығы мен туристік сала қызметін агротуризм бағытында тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.