Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 128

ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ КЕШЕНДІ БАҒА БЕРУ

Авторлар

Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-2003-8909
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-7385-482X
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0001-8984-0011
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-8564-2912
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0009-0004-7593-645X
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0009-0004-8940-151X
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0009-0005-6489-7309

Кілтті сөздер

дәнді дақылдар, физико-химиялық қасиеттер, құрылымдық-механикалық қасиеттер, антиоксиданттар, витаминдер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1365

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жиенбаева C.T., et al. «ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ КЕШЕНДІ БАҒА БЕРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1365.

Аңдатпа

Зерттеулер нәтижесінде бидай, тритикале, арпа және сұлы дәндерінің физика-химиялық және құрылымдық-механикалық қасиеттеріне жүргізілген кешенді бағалау нәтижелері эксперименттік деректер жиынтығы негізінде берілген. Зерттеу нәтижелері дәннің химиялық құрамы, биологиялық құндылығы және технологиялық сипаттамалары бойынша айқын түрлік және сорттық айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Ақуыз мөлшері 12,37-14,79 % аралығында өзгеріп, ең жоғары көрсеткіштер күздік «Стекловидная-24» бидайында (14,79 %) және жаздық «Указ» тритикалесінде (14,52 %) анықталды. Крахмалдың массалық үлесі 57,86-83,28 % аралығында болды, бұл ретте ең жоғары мән «Указ» тритикалесінде (83,28 %) байқалды. Май мөлшері 1,58-6,51 % шегінде өзгерді, ең жоғары көрсеткіш «Аламан» сұлысында тіркеліп, оның жоғары энергетикалық құндылығын айқындайды. Клетчатка мөлшері 8,42-16,75 % аралығында болып, ең жоғары мәндер арпа дәніне тән болды. Дәннің күлділігі 0,4-3,2 % аралығында өзгеріп, ең жоғары көрсеткіштер сұлыда анықталды, бұл минералдық заттардың жоғары мөлшерін көрсетеді. Насыпты масса 45,4-82,9 кг/hl, ал меншікті тығыздық 652-875,5 г/см³ аралығында болды. Дәннің антиоксиданттық белсенділігі 0,369-3,029 мг/г, полифенолдар мөлшері 0,60-4,86 % шегінде өзгеріп, ең жоғары мәндер сұлыда байқалды. Жалпы алғанда, арпа мен сұлының функционалдық және антиоксиданттық құндылығы ең жоғары екені, ал бидай мен тритикаленің ақуыз-көмірсулы әлеуеті басым болып келетіні анықталды, бұл оларды дәнді дақылдарды қайта өңдеу технологияларында мақсатты түрде пайдаланудың перспективалылығын көрсетеді.