Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 151

ТАМАҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҰСАҚТАҒЫШТАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

«RedSeven» ЖШС
https://orcid.org/0009-0000-6102-8267
«Офис Коммерциализации» ЖШС
https://orcid.org/0009-0002-8249-8828
«Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0001-9682-5127

Кілтті сөздер

тамақ қалдықтары, тамақ қалдықтарын ұсақтағыш, қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріз ағынды сулары, тазарту құрылыстары, анаэробты ашыту, биогаз, өмірлік циклді бағалау

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1319

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Хайриев, Д. С., et al. «ТАМАҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҰСАҚТАҒЫШТАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1319.

Аңдатпа

Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамындағы органикалық үлестің өсуі және полигондық көму мүмкіндіктерінің шектелуі жағдайында органикалық қалдықтарды басқарудың орнықты технологиялары маңызды бола түсуде. Бұл мақалада тамақ қалдықтарын ұсақтағыштар (ИПО) технологиясы органикалық қалдықтар ағынын қатты қалдықтар жүйесінен кәріз жүйесіне ауыстыратын интеграцияланған шешім ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — ИПО қолданудың халықаралық тәжірибесін жинақтап, технологияны Қазақстанда енгізу кезіндегі ықтимал экологиялық тиімділіктер мен инфрақұрылымдық шектеулерді бағалау. Әдістемелік негіз ретінде ғылыми жарияланымдар мен халықаралық ұйымдардың есептеріне шолу жасалды, органиканы өңдеудің әртүрлі сценарийлері (полигон, бөлек жинау, компосттау, анаэробты ашыту, ИПО арқылы тасымалдау) салыстырылды және парниктік газдар шығарындыларына, кәріз желілеріне/тазарту құрылыстарына түсетін жүктемеге, сондай-ақ ресурстық әлеуетке (биогаз, қоректік элементтерді қалпына келтіру) ықпалдары сапалық тұрғыда талданды. Нәтижелер ИПО енгізу тұрмыстық қалдықтардағы тағам фракциясын азайтып, полигондардағы метан түзілуін төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Сонымен бірге ағынды сулардағы органикалық жүктеме (БПК/ХПК, майлар) артып, тазарту құрылыстарының жеткіліксіз қуаты жағдайында технологиялық тәуекелдер туындауы ықтимал. Қорытындыда ИПО технологиясын кезең-кезеңімен, пилоттық аумақтардан бастап енгізу, кәріз желілері мен тазарту құрылыстарының өткізу қабілетін алдын ала бағалау, сондай-ақ анаэробты ашыту жобаларымен үйлестіру және нормативтік базаны жаңарту қажеттігі негізделеді.