Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 137

ПІСІРІЛГЕН ШҰЖЫҚ ӨНДІРІСІНДЕ АҚУЫЗ-МАЙ ЭМУЛЬСИЯСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

Авторлар

С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0003-0200-8455
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0009-0007-1599-9741
Қ.Құлажанов ат. ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0001-8200-4280
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0001-5682-2423

Кілтті сөздер

соя сүті, зәйтүн майы, соя изоляты, ақуыз-май эмульсиясы, физика-химиялық қасиеттері, құрылымдық-механикалық қасиеттері, пісірілген шұжық өнімдері, технологиялық сұлба

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1314

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Байтукенова, Ш.Б., et al. «ПІСІРІЛГЕН ШҰЖЫҚ ӨНДІРІСІНДЕ АҚУЫЗ-МАЙ ЭМУЛЬСИЯСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1314.

Аңдатпа

Бұл мақалада ақуыз-май эмульсиясының технологиясын жасау және оны пісірілген шұжық өнімдерінде қолдану тиімділігі зерттелді. Зерттеудің негізгі мақсаты – ақуыз-май эмульсияның функционалдық, құрылымдық және органолептикалық қасиеттеріне әсерін анықтау және тағамдық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған технологиялық шешімдерді жасау болып табылады.

Зерттеу барысында бірнеше тәжірибелік үлгілер дайындалып, олардың құрылымдық-механикалық және органолептикалық көрсеткіштері және энергетикалық құндылығы қарастырылды. Алынған нәтижелер компоненттердің үйлесімділігі эмульсияның тұрақтылығы мен біркелкі құрылымына, сондай-ақ дайын өнімнің дәмдік қасиеттерінің жақсаруына тікелей әсер ететінін көрсетті. Сонымен қатар, ақуыз-май эмульсиясының құрамындағы әр компоненттің өзара қатынасы өнімнің технологиялық өңдеуге төзімділігін қамтамасыз етіп, тағамдық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Пісірілген шұжық рецептурасы құрамына ақуыз-май эмульсиясын 15% енгізу олардың құрылымын және дәмдік қасиетін жақсартады, сондай-ақ текстурасын жұмсартатыны анықталды. Эмульсия өнімнің ылғал ұстағыш қасиетін арттырып, 4 °C температурада сақтаған кезде бақылау үлгісімен салыстырғанда 5-7 күнге ұзарды, бұл әсіресе дайын өнімнің сапасын сақтау үшін маңызды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде пісірілген шұжық рецептурасы құрамына ақуыз-май эмульсиясын 15% енгізу дайын өнімнің құрылымдық, функционалдық және органолептикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, өндірістік тиімділікті арттырады және заманауи тұтынушылардың тағам өнімдеріне қойылатын талаптарына толық сәйкес келеді.