Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 196
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада интеллектуалды әлеуметтік жүйелер (ИАЖ) интеграцияланған цифрлық экожүйелер ретінде қарастырылады, олар пайдаланушыларды, талдамалық сервистерді және жасанды интеллект алгоритмдерін біріктіріп, коммуникацияларды, беделдік процестерді және қоғамдық өзара іс-қимылды басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелерге әлеуметтік желілер, цифрлық өзара әрекеттесу мемлекеттік платформалары («Электрондық үкімет», «Белсенді азамат»), краудсорсинг алаңдары және онлайн-білім беру экожүйелері жатады.ИАЖ-дың негізгі ерекшелігі – деректердің жоғары әлеуметтік маңыздылығы. Ақпараттық ағындардағы қателіктер, алмастырулар немесе әдейі жасалған манипуляциялар тек технологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік салдарға әкеледі — пайдаланушылар сенімінің төмендеуі, дезинформацияның таралуы, қоғамдық пікір мен электрондық дауыс беру нәтижелерінің бұрмалануы.
Сондықтан деректердің тұтастығын қамтамасыз ету цифрлық қоғамның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Деректерді сыртқы әсерлерден қорғап қана қоймай, олардың қалыптасуының, сақталуының және өңделуінің дұрыстығын, сенімділігін және қайшылықсыздығын қамтамасыз ету қажет.