Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 148

RUBERT-ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ IRT-АДАПТИВТІ ТЕСТІЛЕУ НЕГІЗІНДЕ SQL ЖЕКЕЛЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ

Авторлар

А. Байтұрсынұлы ат. Қостанай өңірлік университеті
https://orcid.org/0000-0003-4547-6697
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0009-0009-6191-458X
А. Байтұрсынұлы ат. Қостанай өңірлік университеті
https://orcid.org/0000-0003-4147-3843
Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0009-0004-0106-2526

Кілтті сөздер

цифрлық оқыту платформалары, жасанды интеллект, машиналық оқыту, оқыту модельдері, бағалау көрсеткіштері

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1278

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жарлықаcов Б.Ж., et al. «RUBERT-ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ IRT-АДАПТИВТІ ТЕСТІЛЕУ НЕГІЗІНДЕ SQL ЖЕКЕЛЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1278.

Аңдатпа

Білім беру технологиялары мен оқу процесінде цифрлық платформалар және орталар ажырамас бөлікке айналуда.  Оқу материалдары мен тапсырмалар білім алушыларға цифрлық форматта дайындалып ұсынылғандықтан, ол білім алу және оқыту процесіне елеулі өзгерістер енгізуде. Бұл өзгерістер тек цифрлық форматтағы оқыту әдістеріне ғана емес, сонымен қатар білімді бағалауға да қатысты.

Осы жұмыста SQL тілін қолдауға арналған кешенді жасанды интеллект жүйесі ұсынылған. Ол үш негізгі компонентті біріктіреді: RUBERT моделіне негізделген студенттердің қателерін  түрлері бойынша жіктеу модулі, XGBoost алгоритіміне негізделген ұсынымдық модуль бұл студенттердің қателер профилі мен жұмыс қарқынына сүйене отырып қайталау тақырыбын анықтайды,  тапсырмаларға жауап беру теориясының (IRT) екі параметрлі моделін қолданатын  бейімделгіш тестілеу жүйесі, ол білім алушының ағымдағы қабілет деңгейіне сәйкес сұрақтардың күрделілігін динамикалық түрде таңдайды. Жүйе веб-қосымша түрінде жүзеге асырылған және «Ақпараттық жүйелер» бағытындағы 120 студенттің: SQL логтары, теориялық сұрақтарға жауаптары және тест тапсырудың уақыт белгілері сияқты деректер негізінде оқу қосымшасы (2024 жылдың қыркүйегі мен 2025жылдың мамыры аралығында) қолдану барысында  сыналды.