Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 173

ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРІЛЕТІН НОҚАТ ПЕН БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ЕГІСТІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ ҰРЫҚ ФЕРМЕНТТЕРІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ӘСЕРІ

Авторлар

Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-7601-9248
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0009-0003-6518-6774
«Qazyna» Ғылыми-білім беру Орталығы
https://orcid.org/0000-0002-7266-8566
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-1092-1853

Кілтті сөздер

ноқат, бұршақ, ферменттік белсенділік, дегидрогеназа, өнгіштік энергиясы, тетразолий сынамасы, егіндік сапа, корреляция

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1274

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жонысова , М., et al. «ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРІЛЕТІН НОҚАТ ПЕН БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ЕГІСТІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ ҰРЫҚ ФЕРМЕНТТЕРІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ӘСЕРІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1274.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының жағдайында өсірілетін ноқат (Cicer arietinum L.) пен бұршақтың (Pisum sativum L.) тұқым ұрықтарының ферментативтік белсенділігі мен егіндік сапасы зерттеу нәтижелері келтірілген. Негізгі тыныс алу ферменттерінің – дегидрогеназа, каталаза және пероксидазаның белсенділігі мен олардың тұқымның өнгіштік энергиясына және өну қабілетіне әсері анықталды. Зерттеу нәтижесінде бұршақ тұқымында ферментативтік белсенділіктің жоғары екені (98,5 %) және оның өнгіштік энергиясымен тығыз байланысы бар екені (r = 0,89) дәлелденді. Ферментативтік көрсеткіштер негізінде өнгіштікті болжау моделі ұсынылды:

Өнгіштік = 0,95 × Белсенділік + 5,2 (R² = 0,92).

Зерттеу нәтижелері тетразолий сынамасын тұқымның тіршілік қабілетін жедел бағалау әдісі ретінде қолдануға болатынын көрсетіп, бұршақ тұқымдас дақылдарды тұқым шаруашылығында және өңдеу кәсіпорындарында пайдалануға мүмкіндік береді.