Меню
Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 145
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Электрокардиограмма сигналын (ЭКГ) сапалы өңдеу пациенттердегі жүрек-қан тамырлары аурулары мен аритмияның қауіпті белгілерін анықтау үшін қазіргі диагностикадағы өзекті мәселе болып табылады. Сигналды талдау және жіктеу үшін қолданылатын әдістер мен бағдарламалар электрокардиоргафтың кескінінен немесе жазбасынан алынуы керек математикалық модельдеу нүктелерінің массивтерімен жұмыс істейді. Бұл жұмыстың мақсаты ЭКГ сигналдарының кескіндерін бір өлшемді массивке шығару әдістемесін жасау болды. Ұсынылған алгоритм түстерді өңдеу операцияларын дәйекті жүргізуге және кескін сапасын жақсартуға, масканы қабаттастыруға және ашық қол жетімді Python құралдары мен кітапханаларын қолдана отырып, бір өлшемді нүктелер массивін құруға негізделген. Mit/BIH дерекқорынан алынған үлгілерді сынау нәтижелері және өңдеуге дейінгі және кейінгі кескіндерді салыстыру сигналды алу дәлдігі шамамен 95% екенін көрсетті. Сонымен қатар, ұсынылған қолданба дизайны қарапайым және қол жетімді. Ұсынылған ЭКГ деректерді талдау және өңдеу бағдарламасы болашақта деректерді автоматты түрде талдау және аритмияны немесе басқа патологияларды анықтау мақсатында күрделі бағдарламалық қосымшаларды әзірлеуге үлкен әлеуетке ие.