Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 184

АНЫҚ ЕМЕС АҚПАРАТТЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ КЕЗІНДЕ АТМОСФЕРАЛЫҚ БЛОКТА МҰНАЙДЫ БАСТАПҚЫ ӨҢДЕУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ МОДЕЛДЕРІН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0003-2109-6999
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0009-0001-8589-0561
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0001-6904-8000
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0003-4675-4388
Х. Досмұхамедов ат. Атырау университеті
https://orcid.org/0000-0003-0640-7306

Кілтті сөздер

мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы, атмосфералық вакуумдық қондырғы, анық емес ақпарат, бензин, колонна

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1263

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Оразбаев , Б.Б., et al. «АНЫҚ ЕМЕС АҚПАРАТТЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ КЕЗІНДЕ АТМОСФЕРАЛЫҚ БЛОКТА МҰНАЙДЫ БАСТАПҚЫ ӨҢДЕУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ МОДЕЛДЕРІН ӘЗІРЛЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1263.

Аңдатпа

Бұл жұмыс қолжетімді ақпараттың шектеулілігі мен анық еместігі жағдайында мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының атмосфералық айдау блогы (ААБ) мысалында күрделі жүйелерді модельдеу мәселелерін зерттеуге және шешуге арналған. Себебі мұнай өңдеу, мұнай-химия және басқа да өнеркәсіп салаларындағы көптеген нақты технологиялық жүйелер модельдерді әзірлеу үшін қажет ақпараттың анық еместігімен және бұлыңғырлығымен сипатталады. Ақпарат тапшылығы мен бұлыңғырлығы мәселелерін шешу – өзекті ғылыми әрі практикалық міндет болып табылады. Бұл мәселені өнеркәсіптік практикада шешудің өзектілігі мен маңыздылығы өндірістік жүйелердің жұмыс режимдерін олардың модельдері негізінде оңтайландыру арқылы өнімділікті және тиімділікті арттыру қажеттілігімен де айқындалады. Тәжірибеде көптеген өндірістік объектілердің модельдерін әзірлеу кезінде бастапқы ақпараттың бір бөлігінің бұлыңғыр сипатына байланысты қиындықтар жиі туындайды, ол объектінің жұмыс көрсеткіштеріне әсер етеді. Зерттеудің мақсаты – бастапқы ақпарат тапшылығы мен бұлыңғырлығы жағдайында күрделі объектілердің статистикалық және бұлыңғыр модельдерін синтездеудің жүйелік әдісін әзірлеу. Ұсынылған әдіс негізінде мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының атмосфералық блогының әртүрлі модельдері жасалды. Бұл жағдайда статистикалық модельдер дәстүрлі әдістер негізінде құрылды. Кіріс және режимдік параметрлер анық, ал шығыс параметрлері бұлыңғыр болған жағдайда, ұсынылған әдіс негізінде өнім сапасын анықтайтын атмосфералық блоктың бұлыңғыр модельдері жасалады. Ал егер объектінің кіріс, режимдік және шығыс параметрлері бұлыңғыр болса, атмосфералық блоктың мақсатты өнімі сапасы эксперттік бағалау әдістері арқылы анықталады.