Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 183
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Әлемдік бәсекелестік пен жедел дамып келе жатқан технологиялық дамудың қазіргі жағдайында ғылым саласын цифрландырулар экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде маңызды болып табылады. Зерттеудің мақсаты ғылым салаларын цифрландырудың Қазақстан экономикасындағы цифрлық бәсекелестікке қабілеттілігінің артуына әсерлерін анықтау және сандық негіздеу болып табылады. Тақырыптың өзектілігі білім экономикасына жедел көшу қажеттілігімен байланысты, мұнда ғылым мен технология қосылған құнның өсуінің, жоғары технологиялық салалардың дамуының және инвестицияларды тартудың негізгі көзі болып табылады. Қазақстан цифрлық даму және ғылыми жаңғырту стратегияларының болуына қарамастан бірқатар шектеулерге тап болады: цифрлық инфрақұрылымның бөлшектенуі, ғылым мен бизнестің әлсіз интеграциясы, ғылыми кадрларда цифрлық құзыреттіліктің жеткіліксіз деңгейі. Зерттеу барысында Корея Республикасының тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізілді, эконометрикалық модельдеу әдістері қолданылды, ғылымды цифрландырудың интегралды индексі әзірленді. Модель ғылыми инфрақұрылымды цифрландыру деңгейі мен цифрлық бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингіндегі елдің позициясы арасындағы тұрақты оң байланысты анықтауға мүмкіндік берді. Цифрландырудың қалыпты өсуімен де инновациялық әлеуетті едәуір күшейтуге және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) тиімділігін арттыруға болатындығы анықталды. Нәтижелер процестерді автоматтандыруды, цифрлық платформаларды дамытуды, бизнеспен кооперацияны және зерттеушілердің цифрлық дағдыларын нығайтуды қоса алғанда, ғылыми саланы цифрлық трансформациялау бойынша тұтас мемлекеттік саясатты іске асыру қажеттігін растайды. Алынған тұжырымдар жаһандық цифрлық трендтер контекстінде Қазақстанның ғылыми-технологиялық және экономикалық даму стратегияларын қалыптастыру үшін негіз бола алады.