Меню
Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 95
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл жұмыста полимер қалдықтарын бағалы сұйық көмірсутек өнімдеріне айналдыру мақсатында термокаталитикалық гидрлеу процесі бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Катализатор ретінде Тайжүзген кен орны табиғи цеолитін молибден тұздарымен модификацияланған композитті материалдар пайдаланылды. Оңтайлы реакция жағдайлары 450°C температурада және 0,5–0,6 МПа қысымда анықталды. Сұйық фракцияларды талдау, құрамында 2,0% Mo бар катализатордың дистилляттың ең жоғары шығымын (61,55% дейін) қамтамасыз ететіні және алканды және ароматты көмірсутектердің түзілуіне ықпал ететіндігі анықталды, нәтижесінде алынған өнімді одан әрі мотор отыны мен химиялық шикізат өндірісінде пайдалану үшін перспективалы етеді. Термокаталитикалық гидрлеу пластмасса және резеңке қалдықтарын қайта өңдеудің экологиялық таза және технологиялық тұрғыдан мүмкін әдісі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.