Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 259
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл ғылыми мақалада сақтау мерзімі мен сақтау шарттарына байланысты зертханалық жағдайларда өндірілген функционалдық бағыттағы грек йогуртының сапасын бағалау нәтижелері ұсынылған. Сынақтар АҚ «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» аккредиттелген сынақ зертханасында жүргізілді. Зерттеудің мақсаты өнімді сақтау кезінде органолептикалық, физика-химиялық, микробиологиялық және радиациялық көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеу, сонымен қатар оның қауіпсіздігі мен сапасының сақталу деңгейін анықтау болды. Зерттеу барысында йогурттың әр түрлі сақтау мерзімдерінде органолептикалық қасиеттері мен физика-химиялық көрсеткіштері зерттелді. Йогурттың дәмі мен хош иісі уақыт өте келе өзгеріссіз сақталды, бұл оның жоғары сапасын және дұрыс сақтау шарттарына сәйкестігін білдіреді. Сақтау кезеңінде консистенциясы біртекті кремді болып қалды және жидек компоненттерінің түсі өзгеріссіз болды. Физика-химиялық көрсеткіштер арасында ақуыздың массалық үлесі 6,3% болып қалды, бұл бастапқы мәннен төмендеген жоқ, ал майдың массалық үлесі 15%-ға дейін өзгермеді, бұл грек йогуртына тән. Микробиологиялық көрсеткіштер де өзгеріссіз қалды, барлық нәтижелер рұқсат етілген қауіпсіздік шегінде болды. Сақтау кезіндегі радиоактивті заттар мен пестицидтердің қалдық мөлшері рұқсат етілген шектерде екені анықталды. Осылайша, алынған деректер функционалдық йогурттың жоғары сапасы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ сақтау мерзімі мен сақтау шарттары оны өнеркәсіптік деңгейде өндіру және сату үшін тиімді екендігін растайды.