Меню
№ 3 (20) - 2023 / 2023-09-30 / Көрілім саны: 93
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада дәстүрлі әдіспен әдеттегі жұмыстардан кейін қалпына келтіру қиын болатын жердің құнарлы қабатын сақтауға мүмкіндік беретін жөндеу шұңқырының көмегімен мұнай құбырын төсеу туралы жаңа шешім ұсынылған. Ақаулардың пайда болуына талдау жасалды және олардың пайда болуына әсер ететін мұнай құбырының өлшемдері мен жұмыс жағдайлары туралы қорытынды жасалды. Жаңалық ретінде магистральдық мұнай құбырын жөндеу шұңқырының схемасы ұсынылады. Ұсынылған жаңалық магистральдық мұнай құбырын қайта құру жұмыстарын жүргізу кезінде өнімділікті айтарлықтай оңтайландыруға және арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қарапайымдылығымен, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатының сақталуымен ерекшеленеді, бұл мұнай құбыры орналасқан жердің күрт континентальды климаты жағдайында өте маңызды. Мұнай құбырын қайта жаңарту мұнай құбырының ақаулы учаскелерін ауыстыруға, сол арқылы қызмет ету мерзімін ұзартуға және мұнай құбырындағы аварияларды болдырмауға мүмкіндік береді, бұл тұтынушыға мұнай өнімін үздіксіз беру жағдайында айтарлықтай маңызды фактор болып табылады.