Меню
Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 137
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл зерттеу жұмысында табиғи сорбенттерді (цеолит, шунгит және кокос қабығынан алынған белсендірілген көмір) қолдана отырып, сұйық тағам өнімдерінен улы (зиянды) заттарды адсорбциялық-фильтрациялық тазартуға арналған эксперименттік қондырғының жұмыс параметрлері зерттелді. Қондырғы үш сорбциялық бағандардан тұратын қысымдық жүйе, оларды жеке немесе түрлі комбинацияларда қосу арқылы фильтрация режимдерін өзгертуге мүмкіндік береді. Эксперимент жүргізу барысында сорбенттердің көлемі (50, 100, 150 және 200 мл өлшеуіш стақан шкаласы бойынша) және сорғы қуаты (135, 200 және 245 Вт), сондай-ақ өздігінен ағу жұмыс режимінің процестің жылдамдығына әсері зерттелді. Эксперименттік көрсеткіштер негізінде, оңтайлы нәтижелер 200 Вт сорғы қуатында, цеолитті (екінші баған) және кокос қабығынан алынған белсендірілген көмірін (үшінші баған) қолданғанда алынды, бұл жағдайда фильтрация уақыты ең төмен болып, тазарту тиімділігі жоғары деңгейде сақталды. Ең тиімді сорбенттер цеолит пен кокос қабығынан алынған белсендірілген көмір болып шықты, олар кеуекті құрылымымен және жоғары меншікті бетімен ерекшеленеді. Өздігінен ағу жұмыс режимі ең төмен тиімділікті көрсетті. Алынған нәтижелер сұйық тағам өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру үшін табиғи сорбенттерді қолданудың мақсатқа сай екенін дәлелдейді және өнеркәсіптік алдын-ала тазарту жүйелерін жобалауда пайдаланылуы мүмкін.