Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 171

ЖЫЛҚЫ ІШЕГІ ШИКІЗАТЫНЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ: УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЛИМОН ҚЫШҚЫЛЫМЕН ӨҢДЕУ ӘСЕРІ

Авторлар

С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0001-5682-2423
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0003-0200-8455
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0001-8200-4280

Кілтті сөздер

микробиологиялық қауіпсіздік, ультрадыбыстық өңдеу, лимон қышқылы, жылқы еті, ішек шикізаты, «Қарта»

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1218

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Костанова А.T., et al. «ЖЫЛҚЫ ІШЕГІ ШИКІЗАТЫНЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ: УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЛИМОН ҚЫШҚЫЛЫМЕН ӨҢДЕУ ӘСЕРІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1218.

Аңдатпа

Бұл жұмыста жылқы ішек шикізатының «қарта» микробиологиялық қауіпсіздігі өңдеуге дейін және өңдеуден кейін зерттелді, әсіресе тоңазытқышта (4 °C) сақтау кезінде болатын өзгерістерге назар аударылды. Ішек сегменттері әртүрлі өңдеу нұсқаларынан өткізілді: тек жуу (бақылау), лимон қышқылының ерітінділерінде (0,5% және 1,0%) өңдеу, ультрадыбыстық өңдеу (35 кГц, 200 Вт, 5 мин) және біріктірілген өңдеу (1,0% лимон қышқылы, содан кейін ультрадыбыс). Зерттеу барысында жалпы микробтық ластану деңгейі (КМАФАнМ), pH мәндері және патогенді микроорганизмдердің (Salmonella spp., Listeria monocytogenes, Escherichia coli) болуы анықталды. Бастапқы шикізатта микробтық контаминация деңгейі жоғары болды (2,6 × 10⁵ КОЕ/г), бұл осы қосалқы өнімге тән тәуекелдердің бар екенін растады. Лимон қышқылы мен ультрадыбысты біріктіріп қолдану ең тиімді өңдеу нұсқасы болып анықталды: КМАФАнМ 6,0 × 10² КОЕ/г деңгейіне дейін төмендеп, тоңазытқышта 9 тәулікке дейін сақтау барысында ең төмен деңгейде сақталды, ал барлық өңделген үлгілерде мақсатты патогенді микроорганизмдер анықталған жоқ. pH мәндері технологиялық тұрғыдан рұқсат етілген шектерде (5,26–6,12) болды, бұл өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Қосымша түрде химиялық және радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері (токсинді элементтер, пестицид қалдықтары, цезий-137, стронций-90) бағаланып, олардың КО ТС 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» талаптарына және тиісті мемлекеттік стандарттарға (МЕМСТ) толық сәйкес келетіні анықталды. Зерттеу нәтижелері дұрыс өңделген жылқы ішек шикізаты микробиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай келетінін және деликатес ет өнімдерін өндіруге пайдалануға болатынын көрсетті.