Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 276

ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН КОНТЕНТТІ ТАСЫМАЛДАУДЫ ІЗДЕУ ҮШІН ЖЕЛІЛІК ТРАФИКТІ ТАЛДАУ

Авторлар

Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0009-0004-0446-2402
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0001-5730-4644
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0002-9162-6791

Кілтті сөздер

жалған контент, дипфейктер, ақпараттық қауіпсіздік, желілік трафикті талдау, нейрондық желілер, Scapy, MesoNet, автоматты талдау, дезинформация, цифрлық криминалистика

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1213

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сарсембаева , З.А., et al. «ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН КОНТЕНТТІ ТАСЫМАЛДАУДЫ ІЗДЕУ ҮШІН ЖЕЛІЛІК ТРАФИКТІ ТАЛДАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1213.

Аңдатпа

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жалған ақпарат таратудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Қазіргі уақытта жалған контентті анықтауға бағытталған зерттеулер көбінесе визуалды талдаумен шектеледі, ал желі деңгейінде оны анықтаудың тиімді әдістері жеткіліксіз зерттелген. Сондықтан бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты желілік трафикті талдау арқылы жалған контентті, соның ішінде дипфейк мазмұнын анықтаудың тиімді техникалық әдістерін ұсыну болып табылады. Бұл жұмыста HTTP-трафикті талдау, файлдарды автоматты түрде шығару, MesoNet нейрондық желі моделі арқылы дипфейктерді анықтау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында Scapy, PyTorch және Docker технологиялары пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, ұсынылған әдіс дипфейк-контентті желілік трафик деңгейінде нақты уақыт режимінде жоғары дәлдікпен анықтай алады. Жүйе қауіпті контентті автоматты түрде анықтап, Telegram арқылы жедел хабарландыру жібереді, бұл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен практикалық мәнге ие.