Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 247
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Зерттеу тақырыбының өзектілігі ақпараттық технологиялардың дамуы газ тарату станцияларының қызметін автоматтандыруға мүмкіндік беріп, олардың тиімділігін арттыруымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы автоматтандырылған газ тарату станциясының жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін бірқатар міндеттер жүзеге асырылды, соның ішінде автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылымын зерттеу, басқару жүйесін талдау, сондай-ақ Қазақстан жағдайында оның қызмет ету мәселелері мен перспективаларын қарастыру. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстандағы автоматтандырылған газ тарату станцияларының қызметі алынса, зерттеу пәні – олардың қызметін ұйымдастыру тәсілдері. Зерттеу әдістемесі деректерді талдау, салыстырмалы талдау және жүйелік әдісті қолдануға негізделген. Нәтижелер көрсеткендей, станциялар қызметін ұйымдастырудың ең тиімді тәсілі – технологиялық процестерді ғана емес, басқарушылық функцияларды да автоматтандыруды қамтамасыз ететін қосарлы автоматтандыру әдісі. Әртүрлі тәсілдерді қолдану әртүрлі тиімділікке ие екендігі анықталды, сондықтан олардың әрқайсысын жеке оңтайландыру қажет. Станциялар қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныс ретінде қызметкерлердің автоматтандырылған басқару жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру қажеттілігі негізделді.