Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 154

МӘДЕНИ БЕЙІМДЕЛУДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМГЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

Satbayev University
https://orcid.org/0000-0001-6494-0681
Ахмет Ясауи университеті
https://orcid.org/0000-0002-4504-1418
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
https://orcid.org/0000-0002-1837-6706
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
https://orcid.org/0000-0002-6465-3524
Аймақтық инновациялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-4268-9382

Кілтті сөздер

академиялық үлгерім, мәдени интеллект, мәдениетаралық өзара әрекеттестік, коммуникация, мәдени бейімделу, шетелдік студенттер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1204

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сатыбалдиева, Д., et al. «МӘДЕНИ БЕЙІМДЕЛУДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМГЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1204.

Аңдатпа

Коммуникация, технология, көлік және білім беру сияқты салалардағы өзгерістер мен жетістіктер әртүрлі мәдениеттерден шыққан адамдардың бір жерде бірге өмір сүруіне көптеген мүмкіндіктер берді. Мұндай мәдениетаралық өзара әрекеттестіктерді және айырмашылықтарды басқару үшін түрлі ұйымдық және жеке стратегиялар қолданылады. Бұл стратегиялардың ішінде жаңа әрі маңызды ұғым – мәдени интеллект. Себебі мәдени интеллект деңгейі жоғары адамдар барған елдің жүйелері мен әлеуметтік өміріне тез бейімделе алады, бұл академиялық табысқа (үздік оқу, үлгілі студент болу) қол жеткізуде елеулі артықшылықтар береді. Осы тұрғыда бейімделу үдерістері мен жетістік деңгейі жеке тұлғаларға белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Сондықтан бұл зерттеу мәдени интеллект пен мәдени бейімделудің академиялық үлгерімге әсерін талдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – мәдени интеллект пен мәдени бейімделудің арасындағы өзара байланысты және олардың академиялық үлгерімге ықпалын анықтау. Зерттеу үлгісі Ходжа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқитын шетелдік студенттермен шектелді. Зерттеуге барлығы 275 шетелдік студент қатысты, олардың 253-і толық және дұрыс жауаптар берді. Нәтижелер көрсеткендей, қатысушылардың мәдени интеллект деңгейі олардың мәдени бейімделу деңгейінен жоғары болды және мәдени интеллект деңгейі жоғары студенттердің академиялық үлгерімі де жоғары болды.