Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 161
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) пен нанохимияның тоғысындағы жаңа ғылыми бағыттар қарастырылады. Нанохимия атомдар мен молекулалардың наноөлшемдік деңгейдегі құрылымы мен қасиеттерін зерттейтін ғылым саласы ретінде жаңа функционалды материалдарды, катализаторларды және биомедициналық қолданбаларды дамытуға жол ашады. ЖИ болса күрделі деректерді өңдеу, модельдеу және болжау қабілеті арқылы дәстүрлі зерттеу әдістерін толықтырады. Машиналық оқыту алгоритмдері нанобөлшектердің қасиеттерін алдын ала болжауға, синтез процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЖИ деректерді талдау арқылы жаңа наноматериалдардың тұрақтылығын, реакциялық қабілетін бағалауда тиімді құралға айналуда. Нанохимия мен ЖИ симбиозы медицинада дәрі-дәрмек жеткізу жүйелерін жобалауға, энергетикада жоғары тиімді катализаторларды әзірлеуге, ал экологияда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған наносорбенттерді таңдауға ықпал етеді. Бұл екі саланың бірігуі болашақта ғылым мен технология дамуының жаңа кезеңін қалыптастыратынын атап өтеді.
Зерттеу жұмысы ғылыми әдебиеттерге шолу, статистикалық деректерді талдау және модельдеу әдістеріне негізделді. Нанохимия мен жасанды интеллекттің тоғысуы ғылыми-зерттеу процесін жаңа деңгейге көтеретіні анықталды. Әдеби шолу мен модельдік талдаулар ЖИ алгоритмдерінің наноматериалдардың қасиеттерін болжауда, синтез процестерін оңтайландыруда және күрделі эксперименттік деректерді өңдеуде тиімді екенін көрсетті.