Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 248
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Климаттың өзгеруі, халық санының өсуі және табиғи ресурстарға антропогендік қысымның артуы су ресурстарын басқарудың тиімді құралдарын әзірлеуді талап етеді.
Гидрологиялық мониторинг су ресурстарын басқаруда, су тасқынын болжауда, су сапасын бағалауда және тұрақты аймақтық дамуда маңызды рөл атқарады. Су объектілері туралы ақпаратты сақтаудың дәстүрлі әдістері (қағаз мұрағаттар, жеке электрондық кестелер) деректердің үлкен көлемін тиімді өңдеуге және олардың талдауға қолжетімді болуына мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты су объектілері, климаттық жағдайлар, ағын сулар және антропогендік жүктемелер туралы мәліметтерді біріктіретін мамандандырылған гидрологиялық мәліметтер базасын құру кезек күттірмейтін міндет болып табылады.
Жұмыстың мақсаты су объектілері туралы ақпаратты сақтауға, жүйелеуге және талдауға арналған гидрологиялық деректер базасының үлгісі мен прототипін жасау болып табылады.
Бұл жұмыс нақты уақыт режимінде су объектілерін бақылауға, гидрологиялық жағдайдың жедел болжамын алуға мүмкіндік беретін және сел салдарын бағалауға қабілетті гидрологиялық мәліметтер базасын ұсынады. Әзірленген жүйе математикалық модельдеу әдістеріне негізделген.
Жүйені тәжірибеге енгізу үшін Visual FoxPro 9 ДҚБЖ бағдарламалық жасақтамасы жасалды. Тәжірибелер модель нақты жағдайларды сенімді түрде көрсететінін және әртүрлі сценарийлерде сәтті қолданылуы мүмкін екенін көрсетті.
Әзірлеудің практикалық маңыздылығы мәліметтер базасын ғылыми зерттеулерде, су ресурстарын мемлекеттік басқаруда, қоршаған ортаны бақылауда және білім беру мақсаттарында пайдалану мүмкіндігінде жатыр.