Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 173

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Авторлар

Қазақ ұлттық спорт университеті
https://orcid.org/0000-0002-9744-4104
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
https://orcid.org/0009-0002-8393-3246
Қорқыт Ата ат. Қызылорда университеті
https://orcid.org/0000-0002-0818-9421
Қорқыт Ата ат. Қызылорда университеті
https://orcid.org/0000-0002-4942-2605
Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ
https://orcid.org/0000-0002-6415-9526
Қорқыт Ата ат. Қызылорда университеті
https://orcid.org/0000-0002-7042-4875

Кілтті сөздер

тұрақты даму, кенттер, ауылдық аумақтар, ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, экология, ауыл шаруашылығы өнімдері

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1188

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Булхаирова, Ж., et al. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1188.

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар ауылдық аумақтардың қазіргі тұрақты дамуын қарастырады. Дәл ауыл шаруашылығы секторының тұрақты дамуы адам қызметінің барлық салаларына – аймақтықтан ғаламдық деңгейге дейін – ең үлкен әсерін тигізеді. Елдің немесе жекелеген өңірдің экономикасының тұрақты дамуы, мемлекеттің жалпы қызмет ету және даму заңдылықтарын ескере отырып, өндіріс үдерісінің жағдайларымен, ресурстық әлеуетті пайдалану тиімділігімен, адами капиталмен және басқа да факторлармен айқындалатын өзіндік ерекшеліктерге ие. Тұрақты даму табиғи ресурстарды үйлесімді пайдалануымен, инвестицияларды бөлуімен, ғылыми-техникалық прогрестің бағытталуымен, тұлғалық өсумен және институционалдық өзгерістермен сипатталатын теңгерімді әрі әділетті ілгерілеу жағдайын білдіреді. Бүгінде Қазақстан экономикасының дамуы ауыл шаруашылығы басқару жүйесінің неғұрлым ұтымды жұмыс істеуіне ықпал етті. Зерттеуде ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының қазіргі жағдайы: ауылдық аумақтардың жағдайы, мал шаруашылығы мен егіншіліктің негізгі көрсеткіштері және басқа да салалар қарастырылды. Сондай-ақ, Тұрақты даму мақсаттарын тиімді іске асыру үшін барлық демографиялық топтардағы гендерлік мәселелерге ерекше көңіл бөлуге негізделген кешенді зерттеу жүргізу қажеттігін атап өткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстанда бюджет жоспарлау барысында әртүрлі демографиялық топтардың қажеттіліктерін жүйелі түрде ескеруге бағытталған жұмыс атқарылуда. Сондықтан шығындарды тиімді қысқарту дағдыларын меңгеру аса маңызды, себебі бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін басқа нарық қатысушыларымен салыстырғанда бәсекелік артықшылықтармен өндіруге және сатуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің алуан түрлілігін арттыру үшін аграрлық өнімдерді әртараптандыру қабілетін игеру де қажет.