Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 167

ӨСІМДІК ТЕКТІ ЕТ АЛМАСТЫРҒЫШЫ ҚОСЫЛҒАН ҚАН ПЛАЗМАСЫМЕН ЖАРТЫЛАЙ ЫСТАЛҒАН ШҰЖЫҚТЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0002-8275-5786
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0001-5171-7392
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0001-8656-0302
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0001-8929-4401
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0007-7020-3435

Кілтті сөздер

қан плазмасы, соя, ноқат, жартылай ысталған шұжық, ет алмастырғыш, өсімдік тектi шикізат

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1184

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Кансейтова, Э., et al. «ӨСІМДІК ТЕКТІ ЕТ АЛМАСТЫРҒЫШЫ ҚОСЫЛҒАН ҚАН ПЛАЗМАСЫМЕН ЖАРТЫЛАЙ ЫСТАЛҒАН ШҰЖЫҚТЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1184.

Аңдатпа

Бұл жұмыста жануар тектес компонент ретінде сойыс малдарының қанының плазмасын қосып, өсімдік текті шикізат (соя изолятты және ноқат) негізінде функционалды мақсаттағы жартылай ысталған шұжық технологиясы әзірленді. Әртүрлі концентрациядағы қан плазмасының (1%, 2%, 3%) шұжық өнімдерінің тағамдық құндылығына, органолептикалық, микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштеріне әсері зерттелді.

Зерттеу нәтижелері бойынша, 2% қан плазмасын енгізу су байланыстыру (СБҚ) және су ұстау қабілетін (СҰҚ) орташа деңгейде арттырып, органолептикалық қасиеттерін жақсартатыны анықталды. Функционалды-технологиялық көрсеткіштердің мұндай артуы өнімнің гель түзу қабілетінің күшеюімен және шырындылығының жоғарлауымен байланысты. Алайда плазма үлесі 3%-ға дейін арттырылғанда, текстураның шамадан тыс тығыздануы байқалып, бұл өнімнің тұтынушылық қасиеттеріне кері әсер етті.

Осылайша, 2% плазма қосу ақуыздар, көмірсулар, ылғал және майдың оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етеді, су ұстау қабілетін арттырады және өнімнің тұрақты консистенциясын сақтайды. Сонымен қатар, шұжық санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді және сақтау мерзімі бойы жоғары органолептикалық сипаттамаларын сақтайды. Алынған нәтижелер қан плазмасын өсімдік негізіндегі шұжық өнімдерінің құрамында қолданудың технологиялық және биологиялық тұрғыдан мақсатқа сай екенін дәлелдейді.