Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 215
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада жеміс-жидек шикізаты негізінде алынған құрғақ ұнтақтардың микробиологиялық сапасы зерттелді. Бұл зерттеу жұмысы тағамдық қоспалардың микробиологиялық қауіпсіздігін бағалауға бағытталған. Жеміс ұнтақтары – тағам өнімдерінің құрамында табиғи биологиялық белсенді заттар көзі ретінде қолданылатын маңызды компоненттердің бірі. Алайда олардың микробиологиялық қауіпсіздігі – өндірісте пайдалану үшін басты талаптардың бірі. Зерттеу барысында алма (сорттары: «Превосход», «Лимонка»), қызыл және қара қарақаттан алынған ұнтақтардың микробиологиялық көрсеткіштері бағаланды. Микробиологиялық талдауда Compact Dry тест-жүйесі пайдаланылды. Бұл әдіс ішек таяқшасы тобы бактерияларын (E. coli), жалпы колиформдарды, сальмонеллаларды, ашытқылар мен зеңдерді анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бойынша барлық үлгілерден қауіпті патогенді микроорганизмдер анықталған жоқ. Ал ашытқылар мен зеңдердің мөлшері рұқсат етілген деңгейден аспайтыны анықталды. Compact Dry жүйесі экспресс-анализ жүргізуге қолайлы. және нақты нәтижелер береді. Алынған мәліметтер ұнтақтарды (өсімдік тектес) тағам өндірісінде қауіпсіз қолдануға болатынын дәлелдейді.