Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 217

ДИНАМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ МЕН ГЕНЕТИКАЛЫҚ АЛГОРИТМ АРҚЫЛЫ АЙМАҚТЫҚ БЮДЖЕТТІ БЕЙІМДІ БӨЛУ

Авторлар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
https://orcid.org/0009-0009-5950-8232
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
https://orcid.org/0000-0003-2920-1490

Кілтті сөздер

бюджетті бөлу, динамикалық бағдарламалау, генетикалық алгоритм, қызмет салалары, стратегиялық мақсаттар, партисипаторлық бюджеттеу, диспропорция, оңтайландыру

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.28-1155

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Абдуалиев, А., і Г. Сембина. «ДИНАМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ МЕН ГЕНЕТИКАЛЫҚ АЛГОРИТМ АРҚЫЛЫ АЙМАҚТЫҚ БЮДЖЕТТІ БЕЙІМДІ БӨЛУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 28, Вересень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.3.28-1155.

Аңдатпа

Бұл мақалада аймақтық бюджетті оңтайлы бөлу мәселесі қарастырылады, мұнда қоғамдық пікір, стратегиялық басымдықтар, инвестицияның қайтарымы (ROI) және ұзақмерзімді тұрақтылық ескерілген. Екі деңгейлі математикалық модель ұсынылған: бірінші деңгейде бюджет аудандар арасында бөлінеді, ал екінші деңгейде - әр аудан ішіндегі қызмет салаларына таратылады. Модельді оңтайландыру үшін динамикалық бағдарламалау (DP) мен генетикалық алгоритмдер (GA) қолданылады.

Модельді бағалау үшін Қазақстанның Алматы облысына қатысты 2022–2024 жылдар аралығындағы нақты деректер пайдаланылды. Салыстырмалы талдау бес критерий бойынша жүргізілді: пайдалық, аудандар арасындағы айырмашылық, стратегиялық мақсаттардан ауытқу, тұрақтылық және есептеу уақыты. DP ең жоғары пайдалыққа (114.84 шартты бірлікке дейін) қол жеткізгенімен, стратегиялық үлестерден ауытқуы 1.58-ге дейін, ал аудандар арасындағы айырмашылық 1.25×10¹¹ теңгеге дейін жетті. GA стратегиялық мақсаттарға барынша сәйкес келеді (ауытқу - 0.03) және диспропорцияны 2.5 есе азайтады, дегенмен пайдалығы орта есеппен DP-ден 4–5% төмен. GA-ның есептеу уақыты тұрақты -56 секунд, бұл DP-ден шамамен бес есе жылдам

DP ұзақ мерзімді болжау үшін жарамды болса, GA нақты цифрлық мемлекеттік басқару жағдайларында қолдануға тиімді екендігі дәлелденді. Ұсынылған әдісті партисипаторлық бюджеттеу мен шешім қабылдауды қолдау жүйелерінде пайдалануға болады.