Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 174
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Заманауи тамақ өнеркәсібінің басты бағыттарының бірі – адам денсаулығын сақтауға көмектесетін функционалдық тамақ өнімдерінің ассортиментін кеңейту және технологияларды дамыту. Мәселені шешудегі ең перспективалы бағыты – халықтың қалың топтарының диетасын түзетуге мүмкіндік беретін табиғи биологиялық белсенді заттармен азық-түлік өнімдерін байыту. Осыған байланысты функционалды және экологиялық таза өнімдерді жасауға ықпал ететін Қазақстанның жабайы өсімдіктерінен концентраттарды пайдалана отырып, экструзиялық дәндік чипсаларды алу технологиясын әзірлеу өзекті. Жабайы өсімдіктерден алынған концентраттарды пайдалана отырып, экструзияланған дәнді чипсылардың химиялық құрамы мен қауіпсіздік көрсеткіштерін эксперименттік зерттеу нәтижесінде итмұрын концентраты қосылған чипсалардың ақуыз мөлшері бақылау үлгісімен салыстырғанда 5,97%-ға, долана концентраты қосылған чипсаларда 6,78%-ға төмендегені анықталды. Майдың мөлшері сәйкесінше 16,37 және 12,83%-ға, көмірсулар мөлшері 2,18 және 2,77%-ға төмендеді. Экструзияланған дәнді чипсалар полифенол, β-каротин және флавоноидтар бар екені анықталды, ал бақылау үлгісінде бұл негізгі биологиялық белсенді заттар жоқ. Жабайы өсімдіктерден алынған концентраттарды қолдану арқылы алынған экструзияланған дәнді чипсалар Кеден одағының «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 Техникалық регламентінің ТР КО қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Жабайы өсімдіктерден алынған концентраттарды қолданып әзірленген экструзияланған дәнді чипсалар салауатты тамақтану трендіне сәйкес келетін функционалды тамақ өнімдерінің ассортиментін кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.