Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 164
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Туризм саласында цифрлық технологиялардың енгізілуі қарқынды дамып келеді және бұл саладағы даму стратегиясының негізгі қозғаушы күшіне айналуда. Бұл өз кезегінде отандық онлайн қызметтер нарығының дамуына ықпал етеді. Мақалада туризм секторының цифрлық трансформациясының операциялық тиімділік пен туристік қызмет көрсету сапасына әсері қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты – экономикадағы туризм саласында көрсетілетін қызметтер мен олардың сапасын жақсартудағы цифрлық технологиялардың рөлін зерделеу.
Туристік нарық субъектілерін біріктіретін технологиялық үдерістердің цифрлық трансформациясының ерекшеліктері талданады. Туризмдегі түрлі үдерістердің тиімділігін арттыратын цифрлық құралдарды қолдану сипатталады. Мақалада туризм және қонақжайлылық саласына цифрлық технологияларды енгізу мәселесі бойынша қазақстандық және шетелдік ғылыми зерттеулер талданады. Цифрландыруға байланысты туризм және қонақ үй бизнесі кәсіпорындарындағы іскерлік үдерістерде орын алып жатқан негізгі инновациялық өзгерістер ашып көрсетіледі.
Біртұтас туристік платформаны құру, сондай-ақ көлік, қонақ үй, демалыс және қоғамдық тамақтану салаларында интеллектуалды технологияларды пайдалану сияқты ұсынылып отырған шаралар салалық инфрақұрылымды жақсартуға және туристердің жалпы қанағаттануын арттыруға бағытталған. Қазақстанда туризмді өңірлік деңгейде дамыту үшін әрбір дестинацияның әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашатын жаңа цифрлық ортада іске асырылатын туристік өнімдерді әзірлеу қажет