Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 162

ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ АУМАҒЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
https://orcid.org/0000-0002-5446-0227
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
https://orcid.org/0000-0001-5001-7773
Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-8613-731X
Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0003-0915-3831
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0008-6345-3820

Кілтті сөздер

қоспа, өсімдік майлары, күнбағыс майы, мақта майы, арыш майы, зығыр майы, ЕАЭО

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.28-1129

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Отуншиева A., et al. «ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ АУМАҒЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 28, Вересень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.3.28-1129.

Аңдатпа

Мақалада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде өндірілетін майлы дақылдар шикізаты негізінде өсімдік майларының инновациялық қоспаларын құрудың ғылыми-техникалық тәсілдері қарастырылған. Қоспалардың негізгі компоненттері ретінде күнбағыс және мақта (Қазақстан), арыш (Ресей) және зығырдан (Беларусь) алынған майларды пайдалану ұсынылады. Бұл майлар май қышқылдарының әртүрлі құрамымен, биологиялық белсенді компоненттерінің болуымен және технологиялық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Майдың әрбір түрінің ерекшеліктері негізгі полиқанықпаған май қышқылдарының (омега-3, омега-6), токоферолдардың, фитостеролдардың және басқа да қоректік заттардың құрамы бойынша талданады. Май қышқылдарының теңгерімін оңтайландыру, органолептикалық қасиеттерін жақсарту, тотығуға төзімділігін арттыру және өнімдердің функционалдығын кеңейту мақсатында араластырудың орындылығы негізделінді. Қоспа компоненттерінің пропорцияларын таңдаудың технологиялық аспектілері қарастырыла отырып тағамдық құндылығы бойынша теңдестірілген,  диеталық және профилактикалық тамақтануда қолдануға арналған ықтимал рецептердің мысалдары келтірілген.

Өсімдік майларын араластыру ауылшаруашылық шикізатын терең өңдеудің және ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті май және май өнімдерін қалыптастырудың тиімді жолы екендігі көрсетілген. ЕАЭО елдерінің шикізатын пайдалану аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, импортты алмастыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуде, жаңа рецептураларды құруда, сондай-ақ инновациялық май құрамдарын өнеркәсіптік енгізуде пайдалануға болады.