Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 161

2024 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛАССЫЗ БИДАЙДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ
https://orcid.org/0009-0005-3057-7884
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ
https://orcid.org/0000-0002-5783-3973
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ
https://orcid.org/0000-0001-7201-9534
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ
https://orcid.org/0000-0003-4457-3129
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ
https://orcid.org/0009-0002-7235-1697

Кілтті сөздер

классыз бидай, сағыздылық, седиментация, альвеограф, құлау саны, серпімділік

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.28-1122

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Исмагулова, А., et al. «2024 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛАССЫЗ БИДАЙДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 28, Вересень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.3.28-1122.

Аңдатпа

Бұл мақалада 2024 жылғы Қазақстанда жиналған классыз бидайды қолдану жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — бидайдың сапалық сипаттамаларын ескере отырып, оны тиімді өңдеу және пайдалану әдістерін ұсыну. Мақалада зертханалық және өндірістік әдістермен алынған нәтижелер көрсетіледі. Алынған мәліметтер классыз бидайды тағам және техникалық мақсатта қолдануға болатынын дәлелдеді.

Жұмсақ бидай дәнінің өнген кездегі технологиялық қасиеттерінің өзгерісін зерттеу және оны ұн өндірісінде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау өзекті мәселе болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты – өнген жұмсақ бидай дәнінің технологиялық қасиеттеріне әсерін бағалау.

Зерттеу барысында сағыздылық мөлшері 26, 28 және 30% болатын бидай ұнына «Тәуелсіздік» сортының 24, 48 және 72 сағат бойы өнген дәнінен алынған ұн 5, 10 және 15% мөлшерінде қосылды.

Альвеограф аспабында алынған нәтижелер өну үдерісі барысында Р – созылуға қарсыласу қабілеті (мм H₂O), Ie – серпімділік (%) және P/L қатынасы (мұндағы L – созылғыштық) көрсеткіштерінің төмендегенін көрсетті. Сағыздылық мөлшері әртүрлі ұн үлгілерінде реологиялық қасиеттердің нашарлауы ұқсас сипатта болды. Атап айтқанда, сағыздылық мөлшері 26,0%, 28,0% және 30,0% болатын ұн үлгілерінде созылуға қарсыласу қабілеті тиісінше 46%, 34% және 48%-ға төмендеді. Сол үлгілерде серпімділік көрсеткіші сәйкесінше 13%, 15% және 13%-ға кеміді. Ал P/L қатынасы ұндағы сағыздылық мөлшері 26,0% болғанда – 66%, 28,0% – 58%, және 30,0% болғанда – 64%-ға төмендеді.

Аталған шарттарда жұмсақ бидай дәнін өндіру процесіне енгізу арқылы сапалы технологиялық қасиеттері бар ұн алуға мүмкіндік бар.