Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 182
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Зерттеу жұмысы мақсаты - гуминді және фульвон қышқылдары кешенінің, аир тамыр сабағы мен асқабақ дәні күнжарасының жылқы еті негізіндегі ет өнімінің физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне антиоксидант ретінде әсерін зерттеу болды. Зерттеу әдістемесі өсімдік текті компоненттердің әртүрлі концентрацияларымен факторлық эксперименттік жоспарды қолдануды, дымқыл тұздауды, термиялық өңдеуді және сапа көрсеткіштерін бағалауды қамтыды. Зерттеу нәтижелері гуминді-фульвон қышқылдары мен аир тамыр сабағының қосылуы pH және TBA көрсеткіштерін төмендететінін көрсетті, ал асқабақ дәні күнжарасы жылумен өңдеу кезіндегі шығынды азайтып, органолептикалық қасиеттерін жақсартты. Ең оңтайлы нәтижелер 3 % аир мен 0,7 % гуминді-фульвон қышқылдары қосылған үлгіде тіркелді: pH – 5,57; TBA – 0,43 мг MDA/кг; пісіру кезіндегі шығын – 17,01 %; органолептикалық бағалау – 4,92. Зерттеу нәтижелері өсімдік текті компоненттерді жылқы етінен жасалған ет өнімдерінің тұрақтылығын, сапасын және тұтынушылық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тиімді антиоксиданттар ретінде пайдалануға болатынын көрсетті.