Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 134

ТАУЫҚ СУБӨНІМІНЕН АЛЫНҒАН АҚУЫЗ-МАЙ ЭМУЛЬСИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

Қaзақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ Семей филиалы
https://orcid.org/0009-0001-0735-9783
Қaзақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ Семей филиалы
https://orcid.org/0000-0003-4862-3293
Shakarim University
https://orcid.org/0000-0001-5139-9291
Қaзақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ Семей филиалы
https://orcid.org/0000-0002-8556-9954

Кілтті сөздер

тауық терісі, тауық майы, су активтілігі, pH, белокты-майлы эмульсия, гидролизат, функционалды-технологиялық қасиеттер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1105

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Капашева, Г., et al. «ТАУЫҚ СУБӨНІМІНЕН АЛЫНҒАН АҚУЫЗ-МАЙ ЭМУЛЬСИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1105.

Аңдатпа

Мақалада құс субөнімдеріне негізделген ақуыз-май эмульсияның (АМЭ) жасалуы ұсынылған. Құрамында тауық терісі, тауық майы және ақуыз гидролизаты бар, бұл эмульсияны әзірлеудегі мақсат — ет өнімдерінде қолдануға жарамды, тұрақты және оңтайлы функционалды-технологиялық қасиеттері бар эмульсиялық жүйе жасау. Зерттеу барысында тауық майы (13,5–15,0 %) мен гидролизаттың (5,3–6,8 %) мөлшері әртүрлі төрт рецептура нұсқасы қарастырылды, ал тауық терісі (36,4 %) мен су (43,3 %) тұрақты компоненттер ретінде сақталды. АМЭ үлгілеріндегі су активтілігі 0,9798–0,9968 аралығында болды, бұл олардың ылғалдылығының жоғары екенін және сақтау шарттарын қатаң сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. pH мәндері 4,82–4,99 шегінде ауытқып, микробиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келді. Ең жоғары ылғал ұстау қабілеті 1-нұсқада (78,74 %) байқалса, ең жоғары май ұстау қабілеті 4-нұсқада (62,4 %) тіркелді. Эмульгирлеу қабілеті 46 %-дан 56 %-ға дейін артты, ал эмульсия тұрақтылығы 10 %-дан 22 %-ға дейін ауытқыды. Органолептикалық зерттеулер барлық үлгілердің біртекті консистенциясы мен тән ет иісіне ие екенін көрсетті, ал 3-нұсқа сыртқы түрі, құрылымы және иісі жағынан ең теңгерімді деп танылды. Осылайша, 3-рецептура функционалды және органолептикалық қасиеттердің оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етеді. Жасалған АМЭ технологиясы құс қалдықтарын тиімді пайдаланып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және ет өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.