Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 230

КӨКӨНІС ДӘМТАҒАМ КОНСЕРВІЛЕРІН ӨНДІРУДЕ БЕЛСЕНДІ ПЕКТИНГЕ БАЙ ӨСІМДІК ЭКСТРАКТЫСЫН ҚОЛДАНУ

Авторлар

Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0003-0111-6737
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-8953-6332
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0001-6257-1317
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-8992-8889
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0003-0563-4304
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0001-6663-4282

Кілтті сөздер

көкөніс дәмтағам консервілері, булгур және қарақұмық жармалары, пектин заттар мөлшері, рецептура

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-1097

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Абдиева, Қ., et al. «КӨКӨНІС ДӘМТАҒАМ КОНСЕРВІЛЕРІН ӨНДІРУДЕ БЕЛСЕНДІ ПЕКТИНГЕ БАЙ ӨСІМДІК ЭКСТРАКТЫСЫН ҚОЛДАНУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-1097.

Аңдатпа

Ғылыми жұмыстың мақсаты күнделікті тұтынуға арналған тағам өнімдерінің ассортиментін табиғи антиоксиданттармен және биологиялық белсенді заттармен байыту арқылы кеңейту, сондай-ақ отандық өсімдік шикізаты негізінде дайындалған тағам өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл зерттеу жұмысы көкөніс дәмтағам консервілерінің ассортиментін кеңейту мақсатында томат тұздығымен құйылған фаршпен және кесіліп қуырылған көкөністерден жасалған дәмтағам консервілеріндегі көкөніс фаршының құрамына кіретін күріштің орнын қарақұмық және булгур жармаларымен алмастыру және өсімдіктерден алынған белсенді пектинге бай экстрактыларды қолдануға арналған.  

Белсенді пектинге бай экстракттар алу үшін өсімдік шикізатынан зерттеу үшін алма, асқабақ және кәдіш алынып олардың сапалық көрсеткіштері, яғни шикізаттағы жалпы пектиндік заттар, еритін пектин мөлшері және антиоксиданттық белсенділігі анықталды.

 Ғылыми жұмыс барысында көкөніс дәмтағам консервілерін дайындауда фарштың құрамына қосылатын күріштің орнын булгур және қарақұмық жармаларымен алмастыру арқылы дәмтағам консервілерінің жаңа рецептуралары алынды.  Сондай-ақ жаңа жарма қосылған көкөніс дәмтағам консервілерінің рецептураларын құрастыруда пектиндік және антиоксиданттық қасиеттері жағынан ерекшеленетін алма және асқабақ пектиндерінің экстрактылары қолданылды.