Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 185

СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ЖҮЙЕГЕ АРНАЛҒАН ПИД-РЕТТЕГІШІНІҢ МОДЕЛІН ЖОБАЛАУ

Авторлар

Астана халықаралық университеті
https://orcid.org/0000-0002-9464-9809
Астана халықаралық университеті
https://orcid.org/0000-0002-0511-7000
Астана халықаралық университеті
https://orcid.org/0009-0009-4621-1886
С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0002-7178-2121
Astana IT University
https://orcid.org/0009-0006-6278-7955

Кілтті сөздер

сызықтық емес жүйелер, реттегіш, күшею коэффициенті, тұйық цикл, кері байланыс

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1082

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бахадирова, Г., et al. «СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ЖҮЙЕГЕ АРНАЛҒАН ПИД-РЕТТЕГІШІНІҢ МОДЕЛІН ЖОБАЛАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1082.

Аңдатпа

Бұл мақалада MATLAB/Simulink, Python бағдарламалау тілдерінде сызықтық емес жүйелерді басқару үшін ПИД контроллерінің моделін жобалау әдісі ПИД теориясы, ПИД-реттегіштерін баптаудың заманауи әдістері егжей-тегжейлі қарастырылады. Сонымен қатар, химиялық реактордың салқындатқыш қаптама моделіне негізделген сызықтық емес жүйе үшін Python тілінде компьютерлік модельдеу арқылы ПИД-реттегіш мысалы келтірілген. Модельдеу нәтижелерінің дұрыстығына көз жеткізу мақсатында Simulink, Python ортасында мысалды график түріндегі модельдеу жүзеге асырылды. Болашақта осы зерттеу нәтижелері ПИД-реттегіштердің, әсіресе сызықтық емес жүйелер үшін, сипаттамаларын түсінуге арналған анықтамалық ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Сонымен қатар мақалада химиялық реактор жүйесінің жұмысын басқаруға арналған ПИД-реттегіштері моделінің жобалануы қарастырылады. Сызықтық емес жүйелердің динамикасын зерттеу мақсатында графикалық интерфейс арқылы модельдеуді жүзеге асыратын қолданбалы бағдарлама ұсынылған. Бағдарламада модельдеу нәтижелері - концентрацияның, реактор мен салқындатқыш қаптаманың температурасының және салқындатушы сұйықтық ағынының уақыт бойынша өзгерісі – төрт түрлі график түрінде бейнеленген. Пайдаланушы енгізген ПИД параметрлерінің әсері нақты визуализация арқылы көрсетіледі. Құралда жүйе параметрлерін өзгерту, нәтижелерді тазарту және бастапқы мәндерге қайта оралу функцияларымен жабдықталған. Жасалған модельдеу  Python ортасында енгізілген мәндер негізінде алынған нәтижелері көрсетіліп, оның дұрыстығы мен сенімділігі тексерілген. Бұл модельдеуді басқару жүйелерін басқаруды оқытуда тиімді визуалды құрал ретінде қолдануға болады.