Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 119

ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫ НЕГІЗІНДЕ ЭМУЛЬСИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0009-0008-2472-4210
К.Кулажанов ат. ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0001-5793-0813
С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0001-8664-5173
С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0009-0006-9352-8294

Кілтті сөздер

майонез, физико-химиялық көрсеткіштер, органолептикалық көрсеткіштер, энергетикалық құндылық, тағамдық құндылық, май қышқылдық құрам

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.29-1067

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жасқайрат, Ш., et al. «ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫ НЕГІЗІНДЕ ЭМУЛЬСИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 29, Грудень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.4.29-1067.

Аңдатпа

Бұл мақалада өсімдік шикізаты негізінде эмульсиялық өнімдерді алу технологиясын әзірлеуде эмульсиялық өнімнің рецептурасы, органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері, сонымен қатар өнімнің тағамдық және энергетикалық құндылығы май қышқылдық құрамының талдау нәтижелері көрсетілген. Талдау нәтижелері бойынша эмульсиялық өнімнің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері дәстүрлі тұздықпен салыстыра отырып анықталды, яғни сыртқы түрі қаймақ тәрізді, консистенциясы біртекті, иіс пен дәм бойынша нәзік дәм, ащы емес, қышқылдау, ашық сары түске ие.  Эмульсиялық өнімдердің физика-химиялық көрсеткіштері: ылғалдылығы - 51,3%, pH қышқылдығы - 3,6, эмульсия тұрақтылығы – 100 %. Эмульсиялық өнімнің тағамдық құндылығы: май            - 45%, ақуыз – 3%, көмірсу - 4%, энергетикалық құндылығы – 432 ккал. Эмульсиялық өнімнің май қышқылдық құрамы: линолен кышқылы – 9,8; линол қышқылы – 27,2 көрсетті, яғни ω-3:ω-6 полиқанықпаған май қышқылдарының қатынасы 1:4-ке тең.