Меню
№ 2 (19) - 2023 / 2023-07-05 / Көрілім саны: 75
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
. Мақалада майда еритін холекальциферолдың крахмал олигоқантымен капталған түрін алу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Өндіріс жағдайында ылғалды ортада майда еритін холекальциферолдың жоғары липофильділігі және төмен ерігіштігі белгілі бір қиындықтар тудырады. Осы себепті биофармацевтикалық және қоректік қасиеттері жақсартылған холекальциферол дәруменінің (ХД) суда еритін түрлерін алудың технологиялық әдістерін жасау қажеттілігі туындайды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ХД крахмалдың олигоқантымен (бета-тұйықдекстрин, β-ТД) қапталған суда еритін кешені алынды. Молекулалық үлгілеудің in silico әдістерімен ХД-дың β-ТД-мен кешендерінің клатратты түрлерінің түзілу механизмдері зерттелді. Клатрат түзілуіндегі кристаллдың беткі қабатының морфологиясы электронды микроскоп деректерімен әртүрлі үлкейту жағдайында сарапталды. Термографиялық өлшеулердің нәтижелері, сондай-ақ бастапқы және соңғы қосылыстардың салыстырмалы 1Н және 13С ЯМР спектроскопиялық параметрлері ұсынылды. Алынған жаңа ғылыми нәтижелер олигоқанттың гидрофобты қуысында ішкі (инклюзивті) кешен пайда болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.