Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 141
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада зымыран тасығыштардың пайдаланылған сатыларының құлау аймақтары мен оған іргелес аудандарда қоршаған ортаға өнеркәсіптік әсерді бағалауға арналған көпфункционалды картографиялық платформаны жобалау кезеңдері қарастырылған. Жүйе модульдік принцип бойынша құрылған, бұл әртүрлі деректер түрлерін: жерді пайдалану, климаттық жағдайлар, шауашылық қызмет, ластану көздері және табиғатты қорғау шаралары икемді түрде біріктіруге мүмкіндік береді. Талдаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз ету үшін заманауи геоақпараттық технологиялар (ГАЖ), Жерді қашықтықтан зондтау деректері және кеңістіктік модельдеу әдістері қолданылады. Бұл экологиялық тәуекелдерді кешенді бағалауға, антропогендік әсердің салдарын болжауға және табиғатты қорғау стратегияларын жедел түзетуге мүмкіндік береді. Әзірленген ресурс деректерді жинауды, сақтауды және жүйелі түрде жаңартуды, сондай-ақ оларды электрондық карталарда бейнелеуді қамтамасыз етеді. Платформа аумақтардың экологиялық паспорттарын автоматтандырылған қалыптастыруды қолдайды, бұл мониторинг пен есеп беру рәсімін жеңілдетеді. Іске асырылған тәсіл экологиялық қауіпсіздікті басқарудың тиімділігін арттырады, негізделген шешімдер қабылдауға және табиғи экожүйелерге залалды азайтуға ықпал етеді. Функционалдылықты кеңейту үшін әзірленген шешімді басқа ақпараттық жүйелермен біріктіруге болады. Ресурсты дамытудың перспективалық бағыты табиғат қорғау стратегияларын жетілдіру үшін экологиялық деректердің ұзақ мерзімді мұрағатын құру болып табылады.