Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 2 (19) - 2023 / 2023-07-05 / Көрілім саны: 65

АШЫҒАН СҮТ ӨНІМГЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КАПСУЛАЛАНҒАН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАНЫҢ ОҢТАЙЛЫ ДОЗАСЫН АНЫҚТАУ

Авторлар

Shakarim University

Кілтті сөздер

капсулалау, ашытылған сүт сусыны, капсулалар, биологиялық белсенді қоспалар, иммунитет

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.19-101

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Muratbayev, A. «АШЫҒАН СҮТ ӨНІМГЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КАПСУЛАЛАНҒАН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАНЫҢ ОҢТАЙЛЫ ДОЗАСЫН АНЫҚТАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 19, Липень 2023, doi:10.58805/kazutb.v.2.19-101.

Аңдатпа

Мақала капсулаланған биологиялық белсенді қоспаларды ашыған сүт  өнімінің органолептикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне әсерін анықтауға арналған. Сезім мүшелері, тағамның дәмі, иісі және сыртқы түрі сияқты қасиеттері тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдауына оның құрамы мен тағамдық құндылығынан әлдеқайда көп әсер ететіндіктен. Өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен және азық-түлік ассортиментінің кеңеюімен олардың дәмі, хош иісі мен сыртқы түрі маңызды бола түсуде. Сондай-ақ, өнімнің құрылымдық-механикалық сипаттамалары анықталды. Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалардың мөлшерін жоғарлауы консистенцияның нашарлауына әкеледі. Алынған деректерді талдау капсулаланған биологиялық белсенді қоспалардың мөлшерін жоғарылаған сайын өнімнің тұтқырлығы да арта түсетінін анықталды. Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалардың концентрациясы 8% құрайды, өйткені бұл концентрация қажетті консистенциясы бар өнімді алуға мүмкіндік береді – тұтқыр, капсулаларды қолданған кезде капсулалар біркелкі бөлінеді. Бақылау үлгісі мен тәжірибелі үлгіні салыстыру кезінде (капсулаланған биологиялық белсенді қоспалардың 8%-ы бар), тәжірибелі үлгі бақылау үлгісінен сәл ғана төмен және иммуностимуляциялық қасиеттерінің арқасында бұл алшақтықты жояды. Органолептикалық және құрылымдық-механикалық көрсеткіштің оңтайлы мөлшері   8%  екені анықталды.