Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 242
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада глютенсіз құрғақ қоспаларды өндіру туралы деректер келтірілген. Бастапқыда жүгері мен күріштің глютенсіз дәнді дақылдары таңдалып, еліміздің климаттық жағдайларына сәйкес аудандастырылған. Барлық таңдалған дақылдар Rider Multiscan FC ELISA анализаторы арқылы глютеннің болуына сыналған.
Балқытудың термодинамикалық параметрлерін анықтау негізінде күріш пен тары ұны үшін оңтайлы экструзия режимі таңдалды. Экструзия DS32-II маркалы қос бұрандалы техникалық экструдерде орындалды –бұрандалы экструдер DS32-II – Double- screw testing extruder. Экструдталған жүгері мен күріш ұнының морфологиясы зерттелді және микросуреттер экструзия олардың түйіршікті құрылымын бұзып, шикізаттағы крахмал мен бос липидтер арасында байланыс түзетіні анықталды. Математикалық модельдеу негізінде глютенсіз кондитерлік өнімдерді алу үшін құрғақ қоспалардың арақатынастары жасалған. Сапалық сипаттамаларды зерттеу негізінде тоқаш қоспаларының құрамындағы ұнның әртүрлі түрлерінің арақатынастары әзірленді (күріш ұны – Х1-24,25%, жүгері ұны – Х2-59,5%, экструзия ұны Х3-16,25%). Дәнді дақылдардың құрғақ қоспаларындағы және одан алынатын кондитерлік өнімдердегі клейковинаның құрамын зерттеу нәтижесінде глютеннің 20 мг/кг аспайтыны анықталды. Тәжірибе барысында глютенсіз тоқаштардың энергетикалық құндылығы зерттелді (1704/407 кДж/ккал).