Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 - 2025-04-07 жаңартылды / Көрілім саны: 32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МАШИНА ЖАСАУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

Авторлар

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-9437-2619
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0001-6444-2148
Ресей Федерациясының РУДН университеті
https://orcid.org/0000-0002-3433-9841
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-7706-3195
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0001-9630-2772

Кілтті сөздер

инновация, инновациялық қызмет, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, машина жасау өнеркәсібі, инновациялық белсенділік, инновациялық өнім

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-604

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жабытай B., А. Алпысбаева, Ниязбекова S. ., Юсупов U., і Мақыш M. . «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МАШИНА ЖАСАУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ». 2025. ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Квітень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-604.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі және оның қарқыны қарастырылады. Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі саласы кәсіпорындарының инновацияларды енгізу мен пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып табылатын бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі жай-күйіне қысқаша сипаттама беру. Сондай-ақ, Қазақстанның машина жасау саласындағы инновациялық кәсіпорындардың саны және олардың инновациялық өнімдерінің үлес салмағын қарастыру.

Жұмыста зерттеудің мына әдістері қолданылды: статистикалық, құрылымдық функционалдық, экономикалық және салыстырмалы талдау.

Машина жасау саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметі олардың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. Ол жаңа технологияларды енгізуге, өнім сапасын арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Инновациялардың барлық артықшылықтарына қарамасытан, көптеген кәсіпорындар оларды енгізу  кезінде проблемаларға тап болады. Басты проблемалардың бірі зерттеулер мен әзірмелер жүргізу үшін қаржы ресурстарының жетіспеушілігі болып табылады. Бұдан басқа, кәсіпорындарда инновациялық жобаларды іске асыруға қабілетті білікті мамандарды іздеуде қиындықтар туындауы мүмкін.

Кәсіпорындарға инновациялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ тәжірибе және білім алмасу үшін басқа да іскерлік және ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты дамыту маңызды.

Тұтастай алған машина жасау саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметінің сала мен тұтастай экономиканы дамыту үшін маңызы зор. Алайда оны табысты іске асыру үшін бірқатар проблемаларды шешу және қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Жүргізілген зерттеулер республиканың аймақтарында машина жасау өнеркәсібі кәсіпорындарының инногвациялық қызметінің ерекшеліктері мен инновациялық басқару деңгейіне сүйене отырып, машина жасау өнеркәсібі кәсіпорындарыеың инновациялық өнімінің үлес салмағының төмендегенін көрсетті.

Нұсқалар