Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 - 2025-03-31 жаңартылды / Көрілім саны: 37

ЭКГ СИГНАЛЫНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МОДЕЛІ

Авторлар

«РУДНЫЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
https://orcid.org/0000-0002-9204-5374
7 Қалалық клиникалық ауруханасы
https://orcid.org/0000-0001-5223-2696
Аднан Мендерес атындағы Университет
https://orcid.org/0000-0003-1261-5857
«РУДНЫЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
https://orcid.org/0000-0002-4034-9915
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
https://orcid.org/0009-0006-9246-804X

Кілтті сөздер

жүрек, сигнал, электркардиограмма (ЭКГ), математикалық модель, Гаусс функциясы, PhysioNet

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-760

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сапарходжаев , Н., Умарова A., Й. Калкан, А. Умаров, і . П. Сапарходжаев. «ЭКГ СИГНАЛЫНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МОДЕЛІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-760.

Аңдатпа

Әлемнің бес континентіндегі 21 елде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жүрек (жүрек-қан тамырлары) аурулары бүкіл әлемде өлімнің ең көп тараған себебі болып табылады. Осы себепті жүректі үнемі бақылау және ықтимал проблемаларды ерте анықтау адам денсаулығы үшін өте маңызды.

Бұл жұмыста қарапайым ЭКГ сигналын модельдеу әдісі ұсынылған.

Жүректің дұрыс жұмыс істеуін анықтау үшін бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын диагностиканың негізгі әдісі - электркардиограмма сигналын (ЭКГ) өңдеу. Ұсынылған модель пациенттің ЭКГ сигналының маңызды сегменттерімен жақсы үйлеседі. Бұл жағдайды жүрек проблемаларын оңай диагностикалау үшін қолдануға болады.

Жұмыстың маңыздылығы - ұсынылған модель PhysioNet дерекқорынан алынған нақты ЭКГ сигналдарымен салыстырмалы талдау жасау және талдау. Модельдеу процесінде туындайтын қиындықтар - модель параметрлері әр адам үшін әр түрлі болады, сонымен бірге олар жасына байланысты бір адам үшін әр түрлі болады. Нәтижесінде, 20 түрлі ЭКГ жазбалары үшін барлық сигналдардың алғашқы сегменттері бір - біріне өте жақсы сәйкес келді, ал қалған бөліктері олардың кезеңдеріндегі айырмашылыққа байланысты сәйкес келмеді. Сондықтан әр пациентке ЭКГ параметрлерін жеке реттеу қажет. Орын алған жағдай ЭКГ сигналының бейсызықтығына, жартылай периодты сипатына байланысты. Бұл мәселені шешу үшін неғұрлым күрделі әдістерді қолдану қажет.

Дегенмен, ұсынылған модельдің қарапайымдылығы оның қолдану аясын кеңейтеді және графикалық интерпретацияны жеңілдетеді. Модельді медициналық мамандықтардың оқу процесінде де қолдануға болады.

Нұсқалар