Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 57

ОТҚА ТӨЗІМДІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ

Авторлар

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК Астана филиалы
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК Астана филиалы
Қарағанды индустриалды университеті
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК Астана филиалы
Қарағанды индустриалды университеті

Кілтті сөздер

Түйінді сөздер: отқа төзімді және жоғары температураға төзімді материалдар, отқа төзімділік, математикалық модельдеу, регрессия, қолданбалы бағдарламалар, оңтайландыру, оңтайландыру параметрлері.

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.22-310

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Көкетаев, А. ., Б. Сәтбаев, Н. . Шалабаев, А. . Сәтбаев, і А. Нұрымғалиев. «ОТҚА ТӨЗІМДІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 22, Березень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.1.22-310.

Аңдатпа

Мақалада жоғары температуралы материалдардың композицияларын тәжірибелік-статистикалық модельдеу және оңтайландыру әдістері ұсынылған.

Отқа төзімді материалдардың жаңа композицияларын жасауда зерттеулерді тиімді жүргізу үшін тәжірибелік мәліметтерді математикалық модельдеу және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Отқа төзімді материалдар композицияларының дамуын модельдеу кезінде регрессиялық талдау әдісі ұсынылады. Бұл бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалылар бойынша бір тәуелді айнымалының функциясын есептеуге мүмкіндік беретін статистикалық аналитикалық әдіс. Регрессиялық талдауды пайдалана отырып, отқа төзімді материалдардың таңдалған техникалық сипаттамалары мен әзірленетін отқа төзімді материалды құрайтын компоненттер арасындағы байланысты модельдеуге болады.

Математикалық модельдеу нәтижелері бір композицияның мысалында берілген, есептелген нәтижелердің эксперименттік нәтижелермен салыстыруы да келтірілген.

Жоғары температуралы материалдардың шихтасының құрамын математикалық модельдеуді пайдалана отырып, дайын өнімнің техникалық сипаттамалары болжалады. Бұл әдісті қолдану берілген сипаттамалары бар отқа төзімді құрамдарды жасау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді, бұл берілген параметрлері бар отқа төзімді материалдарды алу процесінің тиімділігін арттырады.